Домой Жаңалықтар Мәдениет ART FEST қала тұрғындары мен қонақтарын күтеді

ART FEST қала тұрғындары мен қонақтарын күтеді

ART FEST қала тұрғындары мен қонақтарын күтеді

Бүгін Astana Art Fest 2016 фестивалі салтанатты түрде ашылды. Қазіргі заманғы өнер туындыларын тамашалау үшін Нұржол желегіне жүздеген қала тұрғыны жиналды. Елорда күніне орайластырылған фестиваль екінші рет өткізіліп отыр. Бүгін сулы-жасыл желекте алдағы ЭКСПО-2017 көрмесінің «Адам энергиясы» тақырыбын жеткізетін алаң жасалды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

ART FEST қала тұрғындары мен қонақтарын күтеді

Шілденің 4-і мен 6-сы аралығында ашық аспан астында бірегей инсталляциялар жұмыс істеп, театрландырылған қойылымдар көрсетіледі, сандық өнер мен өнеркәсіптік дизайн павильондары қойылады, ашық Арт форум және поэзия зертханасы, сонымен қатар, сәулетшілердің, медиасуретшілердің көрмелері ашылады. Күнде кешке диджейлер мен бишілер өз өнерлерін ортаға салады.

Үш күнге жалғасатын Art Fest шарасында шығармашылық иялы қауым мен өнер әлемінің түрлі бағыттары мен жанрларының өкілдері, музыканттар, хореографтар мен ғалымдар бас қосады. Мұнда түрлі сала өкілдері тәжірибе алмасып, жаңа арт-технологиялар, қазіргі заманғы бағыттар, үрдістер туралы ақпаратпен бөлісіп, тәжірибе алмасады. Қазақстан мен таяу шетелден келген қатысушылардың бірегей туындылары көрермендерді қуантуда, ал балалар алаңдары жаз бойы жұмыс істейді.Биылғы фестивальдің жаңалығы — медиапоэзия зертханасы. Көрермендер сөз бен музыканы біріктіретін жарқын импровизацияларды тамашалайды.

Мемлекеттік және тәуелсіз отандық театрлар блогы адамдарды өз ерекшеліктерімен таң қалдырмақ. Айта кетейік, барлық инсталляциялар алдағы ЭКСПО-2017 көрмесінің және оның компоненттерінің – су, күн және ауа энергиясы тақырыбында жасалады. Алаңға қойылған осы стихиялардың символдары — Тәңірі мен Қасқырдың бойшаң қуыршақтары қонақтарды қуантатын болады.

Сондай-ақ, Көрермендер интерактивті шығармашылық жұмыстарды тамашалайды. Онда күн сәулесінің көмегімен фанераға түрлі-түсті суреттер салынады. Айта кетейін, шара барысында кез келген адам осылай сурет сала алады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here