Домой Жаңалықтар Әлем Біз білмейтін деректер

Біз білмейтін деректер

Біз білмейтін деректер

Біз білмейтін деректерБилл Гейтс – әлемдегі ең атақты және бақуат адамдардың бірі. Олигархтар өміріне  қызығатын адамдар Билл Гейтс жайлы барлығын білемін деп ойлауы ғажап емес. Асықпаңыз. Билл жайлы мына деректерге де назар аударыңыз:

Билл 13 жасында сыныптастарымен мектептегі компьютердің «қорғаныс шебін» бұзып, құпия ақпаратты ақтарады. Сиетльдің компьютерлік орталығы жас хакерді жазалаудың орнына оны өз бағдарламаларын сынақтан өткізетін лауазымға қызметке  қабылдайды.

***

Биллдің ата-анасы ұлының компьютерге шектен тыс қызығып, барлық уақытын компьютерде өткізе бастағанынан қорқып, оны мүлдем «жын жәшігіне» жолатпай қояды. Осылай бір жыл бойы Билл Наполеоннан бастап Рузвельтке дейінгі ұлы тұлғалардың өмір баяндарын оқумен болады. Осылай жеткіншек Билл ұлылардың өмірі  мен ойлау жүйесін зерттейді. Бұл компьютерсіз кезең Билдің ұлылар жолын меңгеріп, ой өрісі мен таным көкжиегінің кеңейе түсуіне септігін тигізеді.

***

Билл Гейтстің әлемдегі ең атақты университеттердің бірі – Гарвардты тастап кеткені белгілі. Сондағы профессорларға Билл: «30 жасқа толмай тұрып миллионер боламын» деген екен. Гейтс 31 жасында миллиардер болды. Қазақтың «отызында  орда бұзды» дегені осы шығар…

***

Қазіргі уақытта Билл Гейтс әрбір секундта 250 доллар ақша табады. Бұл – күніне 20 миллион, ал жылына – 7,2 миллиард доллар деген сөз.

***

Билл Гейтс – әлемдегі ең жомарт жан. Ол бүгінге дейін денсаулық сақтау саласындағы шаралар мен аштықпен күрес бағдарламаларына 28 миллиард доллар қаржы бөлді. Гейтстің бұл салаларға жылына бөлетін көмегі БҰҰ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қаржысынан едәуір көп екен.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here