Домой Жаңалықтар Қоғам Болашақ жастар қолында — Алматы облысы

Болашақ жастар қолында — Алматы облысы

Болашақ жастар қолында — Алматы облысы

Болашақ жастар қолында - Алматы облысыАлматы облысы әкімінің орынбасары Серік ТҰРДАЛИЕВ жаңадан ашыл­ған жастарға қызмет көрсету орталы­ғында болып, келе­шектің тұтқасын ұстайтын буын­мен келелі кеңес өткізді, деп хабарлайды Жетісу газеті.

Кеңес барысында об­лыстық жастар ресурстық орталығының есебі тың­далып, өрендерге көр­се­тіліп жатқан қамқорлық пен жарқын істер  жайлы ай­тылды. Сондай-ақ, Же­тісудағы “Жасыл ел” шта­бының жастарды еңбекке баулу жолындағы жетіс­тік­тері тізбеленді. Төрт тоқ­сан білім қуған жас­тар­дың жаз бойы табиғатты көркейту жұмыстарына ат­салысқаны құптарлық іс. Анығында, әрбір жас ең­бекпен есею керек. Сон­­­да табанақы, маңдай тердің қадірін түсінеді. Серік Мелісұлы еліміздің тегеурінді буынын еркін диалогқа тартып, шынайы сырласуға шақырды. Ау­дан-аудандағы жас­тар­дың жетекшілері қатысқан кеңесте еліміздегі тіл сая­саты, бірнеше тілді мең­герудің маңыздылығы, бі­лім, мәдениет, ғаламтор, байланыс және ақпа­рат­тану көздері турасында әңгіме өрбіді.

–Тіл білгеннің ар­тық­ты­ғы жоқ, жастар. Сендер ел­дің болашағын жарқын ете­тін білімді буынсыңдар. Ал бі­лімді болудың бірінші қа­дамы – бірнеше тіл мең­ге­ру. Адам бір тілмен бір адам болып қалады. Екі тілмен екі тұлғалық қасиет­ке иесің. Мен ағылшын тілін 37 жасымда үйреніп алдым. Сіздерде мүмкіндік көп, – деді Серік Мелісұлы.

Алматы облысы әкімінің орын­ба­сары жастар саясаты мәсе­лелері басқармасының бас­шысы міндетін атқарушы бо­лып тағайындалған Ай­дын Нұрмұхамедұлын құт­тық­тап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Жиында об­лыстық дін істері басқарма­сының басшысы Рахмет Ес­дәулет сөз алып, жас­тар­ды жат ағымдардан ара­ша­лау­дың жолдарын ұсынды. Қа­зіргі таңда терроризм та­қы­рыбы өте өзекті. Ата ді­ні­мізден алыстап, отба­сын­да алтыбақан алауыз жағ­дай қалыптастырып жүр­ген жастар қаншама?! Сон­дық­тан, дәстүрімізге негіз­дел­ген, мемлекет уығын бірік­ті­ретін бабалар сенімінен ажы­рамағанымыз абзал.

Серік Мелісұлы сөз ара­сында сөзбен  ақыл ай­ту­дан гөрі іспен өнеге көр­се­тудің  қажеттігін алға тарт­ты. Әсі­ресе, ағылшын тілін үй­рену  туралы насихат ай­тарда алдымен адам өзі соған жауап бере алуы ке­рек. Жиын соңында жастар елдің келешегі үшін кемел ой айтқан аға буынға алғыс айтты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here