Домой Жаңалықтар Қоғам Елордалық құтқарушылар халықты судағы қауіпсіздік ережелерімен таныстыруда

Елордалық құтқарушылар халықты судағы қауіпсіздік ережелерімен таныстыруда

Елордалық құтқарушылар халықты судағы қауіпсіздік ережелерімен таныстыруда

Елордалық құтқарушылар халықты судағы қауіпсіздік ережелерімен таныстырудаАстана қаласы төтенше жағдайлар департаменті Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, су қоймаларында төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Рейдтер әр демалыс сайын тұрақты түрде ұйымдастырылады. Құтқарушылар жазғы шомылу маусымын қауіпсіздік техникасын түсіндіруден бастайды. Өткен демалыста 1,5 мыңға жуық қала тұрғыны қамтылды.

Жыл сайын шомылатын жерлерде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің іс-шаралар жоспары әзірленеді. Елордалық құтқарушылардың мақсаты елорда тұрғындарын судағы қауіпсіздік шараларымен таныстыру, сонымен қатар, суға түсетін орындарда тәртіп ережелерін сақтауға шақыру болып табылады.

Шара барысында Қазақ ГЗУ аумағындағы көпірлер мен «Газмашаппаратура» бақша қоғамдастығының ауданы тәуекел аймаққа жататыны анықталды. Осыған байланысты тыйым салатын және ескертетін 30 жуық белгі қойылды.

Рейд кезінде құтқарушылар оқушыларға баса назар аударды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here