«Хан Шатыр» СОСО қолдауымен Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы «SOS Астана балалар ауылының» тәрбиеленушілеріне керемет күн сыйлады.
Арнайы экскурсия жүргізушісі «Хан Шатырдың» салыну тарихымен таныстырып өтті. Содан кейін балақайлар жас мөлшері бойынша екі топқа бөлініп түрлі аттракциондарда көңіл көтерді.
Аталмыш шара тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойына арналған “25 Игі іс” атты республикалық акция аясында өтті.
Автор: Шырақ Байкенова