Домой Жаңалықтар Қоғам Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асырудағы әлеуметтік желінің маңызы

Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асырудағы әлеуметтік желінің маңызы

Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асырудағы әлеуметтік желінің маңызы

Бүгін Шымкент қаласындағы «Rixos Khadisha Shymkent» қонақүйінде «Құрманғазы» конференц-залында «МЕМЛЕКЕТТІК АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ МАҢЫЗЫ» тақырыбында ақпарат саласының қызметкерлеріне арналған кезекті семинар өткізілді.

1L_XQOAxrHIОңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген семинарға қала, аудан әкімдерінің баспасөз хатшылары мен БАҚ өкілдері, блогерлер қатысты.

ОҚО ішкі саясат басқармасының басшысы Болатбек Төлеген өңірімізде ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстар, сондай-ақ Мемлекет басшысы жүктеген жаңа міндеттер мен 100 нақты қадам жоспары аясындағы шараларды жүзеге асыру маңызы мен әлеуметтік желілердің рөлі жөнінде айтып өтті. ydnZ8fZ5tR4

  Ақпараттар ағыны тасқындаған заманда әлеуметтік желі қолданушысы өзінің қоғам алдындағы жауапкершілігі туралы, «Әлеуметтік желінің маңызы және оны пайдалану» тақырыбында «Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ президенті Есен Елеукен әңгіме өрбітіп, өз тәжірибесімен бөлісті.

«Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асырудағы әлеуметтік желінің маңызы» тақырыбында «Ұлттық Интернет Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Жанасыл Болатбек сөз алды. Елімізде қабылданып жатқан түрлі заңдар, қоғамдағы сан алуан мәселелердің әлеуметтік желі пайдаланушылардың назарынан тыс қалмайтынын тілге тиек еткен ол, салмақты ой, саналы пікір білдіріп жүрген қоғам белсенділерінің аз емес екенін айтты. 

7E7Lmb1MbwM

Одан бөлек, «Мемлекеттік мекемелердің әлеуметтік желіде ақпарат тарату белсенділігінің рейтингін құру» тақырыбында және klout сайты туралы белгілі блогер, ОҚО Журналистер мен блогерлер клубының мүшесі Асхат Шотаев сөз қозғап, желілерде постты қай уақытта жариялау керек, пайдаланушыларды тартуға, репост жариялауға ынталандыру, көп лайк жинау мен пікір жазуға қызықтыру сынды тиімді тұстарға тоқталды. 

iqImujPInhw

  Семинарда белгілі болғандай, алдағы уақытта облыстық ішкі саясат басқармасының тікелей қадағалауымен өңірдегі қала, аудан әкімдіктерінің әлеуметтік желілердегі белсенділігін жоғарылату мақсатында тұрақты рейтинг көрсетіліп отырмақ. Онда әлеуметтік желі арқылы қала-аудандарда болып жатқан маңызды іс-шаралар жарияланады, бұл өз кезегінде халықтың сауатты дүниелерді тұтынуына және нақты ақпаратпен қамтамасыз етуіне жол ашады.

Семинар қорытындысы бойынша талқылынған тақырыпқа қызу үн қосып, белсенділік танытқан қызметкерлерге арнайы сертификат табысталды.

JF6BGH2iIew

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here