27 шілдеде «Жастар» сарайында сағат 10:00-13:00 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Шара барысында ЖОО түлектері мен жастарға сауда және экономика саласындағы бос жұмыс орындары ұсынылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Жәрмеңкеге 40 астам жұмыс беруші қатысады.
Шара жұмыссыздық деңгейін азайтуға және жұмысқа орналасуға көмектесуге, мамандарға кәсіби бағдар беруге бағытталған. Бұл ЖОО түлектеріне қызмет саласын зерттеуге және лайықты жұмыс табуға мүмкіндік береді.