2015 жылдың 1 тамызында еліміздегі халық саны 17 563,3 мың адамға жетті, оның ішінде 9 983,2 мың (56,8%) қалаларда, 7 580,1 мың адам (43,2%) ауылдарда тұрады. 2015 жылдың қаңтар-шілде айларында халық саны 145,6 мың адамға немесе 0,8%-ға, 2014 жылдың 1 тамызымен салыстырғанда 254,6 мың адамға немесе 1,47%-ға артты.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2015 жылдың қаңтар-шілдесінде 231,5 (231,4) мың адам туылған.
Осы кезең аралығында 80,0 (78,6) мың адам қайтыс болған, 2014 жылдың қаңтар-шілдесімен салыстырғанда 1,8%-ға көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,85 (7,83) адамнан келеді.
2015 жылдың қаңтар-шілдесінде республика халқының табиғи өсімі 2014 жылдың қаңтар-шілдесімен салыстырғанда 1,2 адамға немесе 0,8%-ға азайып, 151,6 (152,8) мың адамға жетті. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,87 (15,21) адамнан келеді.
2015 жылдың қаңтар-шілдесінде республикада 2 263 (2 411) 1 жасқа дейінгі нәресте қайтыс болған, 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,1%-ға азайды. Осы кезеңде нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 2014 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 10,42 промилледен 9,77 промиллеге дейін төмендеді.
Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі – перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2015 жылдың қаңтар-шілдесінде 1 166 (1 319) нәресте қайтыс болды, бұл нәрестелер арасындағы өлімнің жалпы санының 51,5%-ы (54,7%). Туа біткен ауытқулардан қайтыс болған нәрестелер саны 490 (481) немесе 21,7% (20,0%), тыныс органдары ауруларынан – 160 (184) немесе 7,1% (7,6%) және жазатайым оқиғадан, уланудан және жарақаттан – 121 (111) немесе 5,3% (4,6%) адам.