Домой Жаңалықтар Спорт ОҚО әкімі Риода өнер көрсететін спортшыларымыздың дайындығын пысықтады

ОҚО әкімі Риода өнер көрсететін спортшыларымыздың дайындығын пысықтады

ОҚО әкімі Риода өнер көрсететін спортшыларымыздың дайындығын пысықтады

ОҚО әкімі Риода өнер көрсететін спортшыларымыздың дайындығын пысықтадыБүгін ОҚО әкімі Б. Атамқұлов облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Ә. Нұртаевты қабылдады. Кездесуде тараптар 5 тамыз күні Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында жалауы көтерілетін жазғы Олимпиада ойындарында Оңтүстіктің ғана емес, бүкіл еліміздің намысын қорғайтын спортшыларымыз туралы сөз етті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Күнгей спортшыларының дайындығы туралы баяндап, бірқатар сайыпқырандарымыздың кейбір спорт түрлері бойынша Латын Америкасында дайындығын пысықтап жатқанын айтқан басқарма басшысы өзі бастаған делегацияның ертең, 2 тамыз күні, кешкісін жолға шығатынын жеткізді. 

Өз кезегінде, облыс әкімі байрақты бәсекеде спортшыларымыздың жұлдызы жанатынына сенім білдіріп, жерлестерімізге сәттілік тіледі.

Айта кеткен жөн, Риода өтетін жазғы олимпиада ойындарында Оңтүстік Қазақстан облысының атынан 21 спортшы сынға түсетін болады. Олимпиадалық аренаға алғашқы болып дзюдошыларымыз шығады деп күтілуде.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here