Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов Ұлт жоспарын түсіндіру мақсатында Оңтүстік Қазақстанға жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі.
Парламентке Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутат «Қоғамдық келісім» КММ-інде өткен жиында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған Қоғамдық келісім кеңестері мен Аналар кеңестерінің мүшелерімен және облыстық этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті.
Кездесуде этносаралық бірлік пен келісімді нығайту, Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясына жүктеген жаңа функционалдық бағыттарын жүзеге асыру мәселелері қаралды.
Сондай-ақ, осы күні С.Абдрахманов облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен жүздесіп, Қазақстандық біртектілікті дамыту жайында өзара пікір алмасты.