Сұлулық ұғымы әр жанның түсінігінде әр түрлі қалыптасқан. Ал, жігіттердің көңілінен шығу үшін қыздар қандай болуы керек? Ендеше, бірге анықтап көрелік.
Көкірек
Көкірегіңіз кішкентай ма? Көңіліңіз толмай, үлкейтуді ойластырып жүрсіз бе? Онда мына фактіге құлақ асыңыз. Жігіттер шынайлықты сүйеді. Сондықтан да олар жасанды жолмен үлкейтілген көкіректен гөрі, кішкентай болса да, табиғи қалыптағы төсі бар қыздарды ұнатады. Алайда кез-келген төс күтімді қажет ететіндігін және оның салбырап, сүйкімін жоғалтқан күні жігіттердің де көңілі қалатындығын есте сақтаған жөн.
Мұрын
Әр адамның талғамы әр түрлі. Оған ешкімнің таласы жоқ. Сондықтан да мұрындардың пішінін бөліп жарып жатудың қажеті шамалы. Әр әйелдің мұрны өзінше дара, өзінше әдемі.
Аяқ
Көп жігіттер аяқтың ұзындығына емес, оның тазалығына мән береді. Яғни, жігіттер аяғында түгі бар, тырнақтары алынбаған, табанын күс басқан, тамыры ырсиып тұрған қыздарды ұната бермейді. Сондықтан аяғыңызға көңіл бөліп жүруді ұмытпағайсыз.
Ерін
Жігіттердің көзі алдымен томпиған, қалың ерінді қыздарға түседі. Сол себептен серілер осындай аруларды ұнатады.
Бел
Бойжеткендер жігіттерге қыпша бел, арық қыздар ұнайды деп ойлайды. Алайда олай емес. Сондықтан да, өзіңді-өзің қинап аштық жариялаудың қажеті шамалы.
Шаш
Көп жағдайда жігіттер бұрымы белден төмен түскен қыздарды ұнатады. Ал кейбір азаматтар шашы қиылған бойжеткендерді ұнатады. Шаштың ұзындығы мен түсіне келгенде әркімнің өз талғамы мен талабы бар. Сондықтан да бұл мәселеде әр жігіт өз талғамына сүйенеді.
Жанары
Жігіттер көздің көлеміне мән береді. Айтуларынша бадырақ көзді қыздар сұлу болып көрінеді екен.