Домой Блог Страница 130

Бас ауыруының себебі неде?

Бас ауыруының себебі неде?Аяқ астынан бас ауыруының себебі неде екенін білесіз бе? Түрлі ауруларды есепке алмағанда, бас ауруы күтпеген себептерден болуы мүмкін. Тіпті, шылым мен ішімдіктің зияны бар дегеннің өзінде де, дастарханға қойылатын ірімшік бас ауруына себепші бола алады. Тағы қандай себеп болуы мүмкін?

Темекі шегу

Темекі шегу – бас айналып, ауыруының бірден-бір себебі. Темекі шегіп тұрған кісі өзінің де, қасындағылардың да денсаулығына зор зардап тигізетіні белгілі. Никотинмен дем алу мидағы қан тамырларының тарылуына әкеледі, нәтижесінде басыңыз қатты ауырады. Темекі шегуді қойып, шылым шеккен адамдардың қасында тұрудан бас тартсаңыз түсініксіз бас ауруларынан сауыға аласыз.

Кофеин

Кофеин шектелген шамада адам ағзасы үшін зиян емес, тіпті пайдалы. Айта кетсек, ол бірнеше дәрінің құрамында бар. Алайда кофені жиі, тұрақты түрде ішу бас ауруы пайда болуына сеп бола алады. Күнделікті ішетін кофенің шамасын қысқартыңыз, алайда кофеден бірден мүлдем бас тартқан да дұрыс емес.

Ірімшік

Бастың ауруы күнделікті жейтін қарапайым сырға байланысты болуы мүмкін. Әсіресе көгілдір сыр, чеддер, пармезан мен швейцариялық сырлар бас ауруын туғызады. Басқа осы сырлардың құрамындағы тирамин атты зат әсер етеді. Сыр ұзағырақ тұрған сайын ішіндегі тирамин көрсеткіші өседі.

Қызыл шарап

Жоғарыда танысқан тирамин заты қызыл шарапта және басқа да ішімдікті сусындарда болады. Сонымен қатар, ішімдік ағзадан суды шығарған себепті бас ауруын тудыруы мүмкін.

Шұжық

Шұжықтардың құрамында бас ауруын туғызатын тирамин мен нитриттар атты химиялық қосылғыштар бар. Тағамға қосылатын химиялық түзілімдер кейбір адамдарда бас ауруын тудыруы бек мүмкін.

Аштық

Ас уақытын жіберіп алып, тамақтанып үлгермесеңіз, бастың ауруын аштық сезімінен де бұрын сезінесіз. Мәселе қанның құрамындағы глюкоза шамасының азаюында. Мұндай кездері тіскебасар (тәтті кәмпиттер, шоколад, печенье) көмекке келе алмайды, оданда толыққанды ас ішіңіз.

Кенеттен пайда болған бас ауруын жазу үшін мәселенің себебін табу керек. Бас ауруы сіз үшін үйреншікті жайт болса, әр бас ауырған кезде, ол қай уақытта, қандай жағдайларда болғанын бақылаңыз. Сол күні қандай тағамдар қабылдағаныңызды, ауа райы қандай болғанын есте сақтаңыз. Осындай ақпарат сізге басыңыз не себепті ауырғанын табуға көмектеседі.

Күйзелістік жағдайлар – бас ауруының басты себептерінің бірі. Әрине, күнделікті кезігетін күйзелістің алдын ала алмаймыз, алайда уақыт өте келе сезімталдықты кемітіп үйренуге болады.

Күнделікті бір орында жұмыс жасайтындар бас ауруына жиірек шалдығады. Бас ауруын тез жаза алатын оңай дауалардың бірі – жеңіл физикалық жаттығулар. Жұмыс орнынан тұрып, кеңсені бір айналып келіңіз. Далаға шығып қол мен аяққа жеңіл жаттығулар жасаңыз.

Бас массажы да – бас ауруы кезіндегі жақсы көмекші. Самайды саусақтармен уқалау қатты ауруды қойдыра алады, ал жалпы массажды щетка тарақпен де жасауға болады.

Дұрыс тамақтанатын адамның басы ауырмайды. Тамақтану уақытын жібермеу қандағы қант шамасын бірқалыпты ұстайды. Күніне 2-3 литр су ішу керек, ағзадағы су тапшылығы бірінші кезекте миға әсер етеді.

massaget.kz

Аналарға ақыл-кеңес: Жүктілік кезінде күйзеліске ұшырамау әдістері

Аналарға ақыл-кеңес: Жүктілік кезінде күйзеліске ұшырамау әдістеріЖүктілік кезінде әйелдердің психикасында көптеген өзгерістер орын алады. Әсіресе, ұмытшақ болып бара жатқаны туралы жиі шағымданып жатады. Бұл — қалыпты жағдай саналады. Бірақ, жүктілік кезінде күйзеліске жол бермеу керек, деп жазады massaget.kz.

Қорқыныш, уайым, өкпе-реніш пен күйзеліс жатырдағы кішкентай өмір иесіне көп күш салады. Сондай-ақ жүкті әйелдің психикасына да әсер етеді. Жақында ғалымдар жүктілік кезіндегі күйзелістің ұмытшақтыққа да ұшырататынын мәлімдеді. Қатты күйзеліс әйелдің жадына да кері әсерін тигізеді екен.

Күйзеліске ұшырамау үшін не істеу керек?

Біріншіден, мүмкіндігінше көбірек жақсылық туралы ойлау, босаңсуды үйрену;

Екіншіден, уайымдарыңыз бен сезімдеріңіз туралы жақын жандарыңызбен сөйлесу;

Үшіншіден, көңіл-күйіңізді бөгемей, ашық жеткізу;

Төртіншіден, бірқалыпты дене шынықтыруға да ерекше мән беру керек.

Бесіншіден, дұрыс тамақтаныңыз.

Осыған байланысты ағзадағы биохимиялық процесстердің көбі психологиялық жағдайға әсер етеді.

Жөтелден күнбағыс майының көмегімен қалай құтылуға болады?

140464407053b91444d02f8Күнбағыс майының пайдасы мол. Оның, тек жөтел ғана емес, бірқатар дертке шипалы екенін оқырман назарына ұсынамыз.

Артроз
Артроз асқынып, тізе буындары қатты ауырса, күнбағыс майын пайдаланған жөн. Ол үшін балдыр ұнтағының бір бөлігін күнбағыс майымен жақсылап араластырып, дайын болған соң ауырған жерге жағыңыз. Содан кейін үстін жылы матамен орау керек. Бұл әдісті ауырсынуды басатын дәрі орнына қолдануға болады.

Тамағыңыз ауырса
Алоэ шырыны мен күнбағыс майын бірдей көлемде алып араластырыңыз. Дайын қоспамен тамағыңызды шайыңыз. Ал егер тонзиллит, ларингит секілді күрделі тамақ ауруларына тап болсаңыз, онда тазартылмаған күнбағыс майын сарымсақ сөлімен араластырып, ингаляция жасаңыз.

Жөтел
Жөтеліңіз тоқтамаса, мұсатырлы спирт пен күнбағыс майын 2:1 қатынасындай етіп араластырып, дайын қоспамен көкірегіңізді сүртіңіз.

Мастит
Кішігірім ыдысқа лалагүл мен күнбағыс майын салып, жақсылап араластырыңыз, шамамен 10 минут су жылытқышқа қойып қайнатыңыз. Суыған соң тұнбаны алып, кеудеге жеңіл массаж жасаңыз.

Аяқтағы қан айналым бұзылса
Мұндай жағдайда лавр жапырақтарынан майлы тұнба дайындау қажет. Ол үшін 2/3 стақан ұнтақталған лавр жапырағына бір стақан күнбағыс майын қосып, қараңғы жерде 6 күн ұстаңыз. Содан соң жылы ванна дайындап, аяқғыңызды осы майлы тұнбамен сүртіңіз.

Табанда ойылған сызаттар пайда болса
Күнбағыс майын су жылытқышқа салып қайнатыңыз. Қайнатып алған соң суығанын күтіңіз. Дайын болғаннан кейін осы майдың көмегімен табандағы, өкшедегі ойылған сызаттардан арыласыз, деп жазады «Массагет» порталы.

Аскөктің емдік қасиеттері және үйде жасауға болатын тұнбалар

Аскөктің емдік қасиеттері және үйде жасауға болатын тұнбаларБұл өсімдік ас әзірлеуде кеңінен қолданылып, тамаққа ерекше дәм беретін тамаша дәмдеуіштердің бірі. Аскөктің адам ағзасына пайдалы екені барлық жерде мәлім. Сондықтан, оны көп тұтынады. Бірақ, оның емдік қасиеттері жайлы көп адам біле бермейді, деп жазады anabol.kz.

Аскөктің пайдалы қасиеттері:

Аскөктің пайдалы құрамы дизентерия, диарея, жұқпалы аурулар кезінде, ұйқы бұзылғанда жақсы көмектеседі. Ол қан қысымын төмендетіп, жүйке жүйесін тыныштандыруға қабілетті. Бүгін сіздерге үй жағдайында аскөктен дәрі жасауға арналған рецептер ұсынамыз. Бұларды кез келген адам көп шығынданбай-ақ жасауға болады.

1) Көздің өткірлігі төмендеп, көз тез шаршайтын болса, сізге аскөктің тұқымы көмектеседі. Ол үшін аскөктің тұқымынан компресс жасау қажет. Аскөктің тұқымын дәкеге салып, біраз уақыт жылы жерге қою керек, содан соң, оны көзге 20 минут қоямыз. 20 минуттан соң көзіңізде айтарлықтай жеңілдік сезінесіздер. Бұл әдіс сондай-ақ, көз айналасындағы әжімдерді тегістейді. Ісіну және қабақтың қызаруын азайтады.

2) Аскөкті кептіріп, жағып, күлін жазылмай жүрген жараға сепсе, ол тез жазылады. Ұрық дәнін ұнтақтап ауызға салып сорып жүрсе, ыстықты қолма-қол тыйяды.

3) Оның ұрық дәнімен қоса кептірген сабағының ұнтағынан 2 ас қасық салып, жарты литр суға қайнатып ішсе, ішті жүргізіп, асқазанды, ішекті тазалайды.

4) Қарапайым тұнба. 1 ас қасық кептірілген аскөкті 0,5 литр суға салып, 1 сағат тұндырамыз. Дәрі дайын. Бұл тұнбаны жарты стақаннан күніне 3 рет ішу қажет. Бұл тұнба асқазан, ішек, ауруларында пайдалы. Диарея, іштің қатуы (запор) сынды ауруларды да емдейді.

Жас аналарға аскөкті көп тұтыну өте пайдалы және психологиялық аурулар кезінде де таптырмайтын құрал.

Бүйрек ауруының басты белгілері қандай?

Бүйрек ауруының басты белгілері қандай?Бүйрек — адам ағзасындағы ең маңызды мүшенің бірі. Әсіресе, әйелдер қауымы үшін маңыздылығы өте зор. Себебі, әйел адамның денсаулығы, сұлулығы мен сымбаттылығының басты кепілі. Сондықтан да бүйрек жұмысының нашарлауы, оның әлсіздігі әйел ағзасындағы түрлі дерттерден хабар береді, деп жазады Массагет порталының Денсаулық айдарында.

Назарларыңызға аурудың алты белгісін ұсынамыз.

  1. Бүйрек әлсіздігінен бет, аяқ-қол, көздің айналасы ісіп кетеді. Бүйрек ағзадағы суды реттейтіндіктен, оның жұмысы бұзылса, қан айналымы нашарлайды. Мұны ретке келтірудің оңай шешімі ұйқы алдында суды аз мөлшерде ішіп, белге арналған жаттығу жасау.
  2. Әйелдердің тез тоңу себебі бүйрек әлсіздігінен болады. Мұндай құбылысты жеңу үшін тамақтану рационын қадағалап, қой еті, сиыр еті, ащы бұрыш, пияз, зімбір секілді азықтарды көбірек пайдаланған жөн.
  3. Бүйрек әлсіздігі әйелдің жыныстық қарым-қатынасқа қызығушылығын төмендетіп, себепсіз ашуланып климакс тым ерте басталуына әсер етеді. Сонымен қатар, бүйрегі әлсіз адамдар тез қартаяды. Ал мұның алын алу үшін түрлі емдік шараларды пайдаланып, жеңіл жаттығу түрлерін жасаған дұрыс.
  4. Бастың ауруы, ұйқының бұзылуы, мидың шаршауы, ойдың үнемі бөлініп кетуі де бүйрек әлсіздігінен болады. Ағзадағы мұндай өзгерістерді жеңу үшін қаздың етін, саңырауқұлақ, жүзімді үнемі пайдалану керек.
  5. Бүйрек әлсіздігінен әйелдердің ішкі секреция жүйесі әлсіреп, бүйрек үсті безінен адреналин бөлінуі азайып, денедегі зат алмасу процесі бұзылады. Ол артық май жиналуына себеп болады. Оған қарсы тұру үшін алақанды бір-біріне ысқылап, жылы күйінде бүйрекке басу. Мұны күіне бірнеше рет қайталаған жөн. Сонымен, қоса қаз, қоян, балық еті секілді азықтарды көп тұтынған дұрыс.
  6. Бүйрек әлсіздігінен қан қысымы артады. Мұндай белгілер байқалысымен, аурудың алдын алып, дәрігерге көрініп, емдік шаралар қолданбаса, бүйрек істен шығып, өмірге қауіп төндіруі мүмкін. Сақтанып жүргейсіз.

Жұмыртқа маскасы: теріні тазалайды, тартады, жұмсартады

Жұмыртқа маскасы: теріні тазалайды, тартады, жұмсартадыЖастық пен тері саулығын әрдайым бақылауда ұстау үшін түрлі маскалар жасап тұрудың маңызы мол. Ал жұмыртқадан жасалатын бұл маска бет терісін тазалайды, жұмсартады, нәрлендіреді және тартып тұрады. Сонымен қатар ең арзан, қолжетімді маска болып есептеледі. Өйткені сізге керегі тек жұмыртқа ғана, деп жазады anabol.kz.

Жұмыртқаның ағы теріні тазалап, тартып тұратын болса, сарысында терінің сыртқы қабатын тереңнен тазалап, жұмсартып тұратын лецитин көп мөлшерде кездеседі. Сондай-ақ жұмыртқаның құрамындағы А, Д, В дәрумендері терінің жас қалпын сақтауға септігін тигізеді. Сондықтан да жұмыртқа маскасын кез келген жастағы қыз-келіншектердің жасауына болады.

Сізге керегі:

  • 1 жұмыртқа
  • қағаз майлық (салфетка)
  • шанышқы
  • 2 ыдыс

Жасалуы:

Жұмыртқаның ағы мен сарысын бөліп алыңыз. Ағын аздап араластырып, бетіңізге жағып, оның сыртынан қағаз майлықты қажет мөлшерде кесіп, жабыстырыңыз. Одан кейін бетіңізге жабысып тұрған қағаздардың сыртынан тағы бір рет жұмыртқаның ағын жағу керек. Бірақ тым көп жағудың қажеті жоқ.

Жұмыртқа жақсылап кепкен соң, яғни 20-30 минуттан кейін масканы төмен, яғни иек жағыңыздан бастап, жоғары, маңдайға қарай еппен тарта отырып, алып тастаңыз. Масканы алып жатқанда аздап ауыру сезімі болуы мүмкін. Дегенмен, жұмыртқа маскасының нәтижесін көргенде-ақ ол туралы ұмытып та кетесіз!

Масканы алғаннан кейін бағана бөліп қойған жұмыртқаның сарысын араластырып, бетіңізге жағыңыз. Ал оның күші әлдеқайда арттыру үшін оған бірнеше тамшы зәйтүн немесе кокос майын қосуға болады.

10 минуттан кейін бетіңіздегі жұмыртқаның сарысын жылы сумен жуып тастаңыз.

Егер бет терісі құрғақ болса, дереу нәрлендіретін крем жаққаныңыз жөн.

Мұндай масканы аптасына 2 рет жасап тұрған артық болмайды.

Құрманың денсаулыққа пайдасы қандай?

Құрманың денсаулыққа пайдасы қандай?Құрма онкологиялық ауруларда, туберкулезді емдеу кезінде және ми қызметін жақсарту мақсатында қолданылады. Арықтағысы келіп, алайда тәттіден бас тарта алмай жүрген адамдар конфеттің орнына құрма қолданса болады, себебі олардың тәттіге қарағанда нәрлілігі аз, деп жазады«Айқын» газеті.

Құрма (лат. Phoenix dactylifera) — пальмалар тұқымдасының Пальма тегінің биологиялық түрі.

Тік шаншылып, 24 метр биіктікке дейін өсетін құрма пальмасы көбіне ыстық климатты аймақтарға тән. Құрма өсіру шаруашылығымен айналысатын араб елдеріне негізінен: Сауд Сауд Арабиясы, Ирак, Алжир, Мысыр, Судан мемлекеттері жатады.

Аталық және аналық болып бөлінетін құрма ағашы ескі жапырақтарының түбімен бүртіктеліп, өріліп өседі. Ерекше көрік беріп тұрған төбе жағындағы әдемі шашақты жапырақтарының ұзындығы 5 метрге дейін жетеді. Отырғызғаннан 4-5 жылдан кейін барып жеміс бере бастайды. Салмағы 8 кг-ға дейін жететін бір шоғырына мыңнан аса жеміс бітеді. Әр ағашынан 40-80 кг жеміс алуға болады. Шамамен 150 жылға дейін өмір сүреді. Бұл жеміс мұсылмандар үшін өте маңызды.  Айша анамыздың (р.а.) айтуынша, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оразасын жас құрмамен, жас құрма болмаса, кепкен құрмамен, ол болмаса сумен ашатын (Әбу Дәуіт, Сиям, 21). Сол себепті құрмамен ауыз ашуды сүннет деп білген мұсылмандар қасиетті Рамазан айында дастарқанға құрма қоюды игі дәстүрге айналдырған. Тіпті құрманы ауызашардың сәні деп те айтуға болғандай. Құрамындағы қант мөлшерінің көптігі ораза ұстаған адамның күні бойғы денесінің әлсірегенін кетіретіндігін айтқан мамандар құрманы жай уақытта да жиі жеп жүруге кеңес беруде.

Құрма онкологиялық ауруларда, туберкулезді емдеу кезінде және ми қызметін жақсарту мақсатында қолданылады. Арықтағысы келіп, алайда тәттіден бас тарта алмай жүрген адамдар конфеттің орнына құрма қолданса болады, себебі олардың тәттіге қарағанда нәрлілігі аз.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, 10 түйір құрма адамға магнийдің, мыстың және күкірттің тәуліктік мөлшерін қамтамасыз етеді. Бұл жемісті шикі түрінде де, кептірілген түрінде де жей беруге болады. Құрмадан салаттар, нәрсу (компот), десерт, тіпті бал да дайындайды. Құрма пальмасының жемістері қан қысымы көтеріңкі адамдарға пайдалы, себебі қан тамырының тарылуын баяулатады. Құрма Алланың қалауымен күш-қуатты көбейтіп, тонусты арттырады; көптеген кеселдерде көмектеседі; әсіресе экологиясы нашар аудандарда тұратын адамдарға жеуге кеңес беріледі. Аш қарынға желінсе ішектегі құрттарды өлтіреді. Құрма бауырды қуаттандырады,  асқазанды тазалайды, әлсіз бүйректі күштендіреді. Құрманы сүт араластырып қалампыр қосып ішсе, өкпенің қабынуы сияқты тыныс жолдарына шипа. Құрманың құрамында танин көп болғандықтан дене жарақаттарын тез жазады. Адамды арықтатады, егер күрішпен бірге пісірсе семіртеді. Құрамында А Е Б дәрумедеріне де бай, алмадағы темірдің екі есесі құрмада табылады. Сол себепті қан аз болған кісіге көп жеуіне  кеңес беріледі. Жаңа босанған ана үшін таптырмас жеміс, өйткені ана сүтін көбейтеді. Сондай-ақ рак ауруына қарсы пайдалы, құрамында  микробы жоқ жеміс. Құрма сүйектерін үгітіп кофе қып қайнатып ішсе, жүйке жүйесін тыныштандырып демалдырады. Сонымен қатар беттегі түрлі дақтарды және күнге күйгеннен қалған дақтарды кетіріп бет пішінін қаз қалпында сақтап, әжімнің тез түсуінен қорғайды. Сонымен қоса Құрманы жатардан бұрын жесе сал ауруына қарсы өте пайдалы. Медицинада құрманы бір күнде  ең  көп дегенде бесеуін жеуге кеңес  береді. Жүктілік кезінде көптеген әйелдердің біраз уақыт жүректері айнып және де физиологиялық өзгерісте жүреді. Нәтижесінде ағзаға кальий жетіспеушілігі басталады. Осы кезде жүкті әйел құрамында осы элементі бар тамақтар жеуі тиіс. Калий құрмада көп мөлшерде бар деуге болады, ол болашақ ананың ағзасындағы судың тепе- теңдігін сақтауға көмектеседі. Калий ағзаға миға қажетті оттегіні алуға көмектеседі және де ойдың сергектігін қамтамасыз етеді. Мұнымен қоса, ағзаға қажетті суды және де бүйректегі қалдықтар мен зәрдің шығуын реттейді. Ағзадағы жеткілікті калий жоғары қан қысымын болдырмай, дененің терісіне жақсы әсер береді.

Құрмадағы тағы бір  минерал — темір.  Ол  қанның қызыл жасушаларындағы эритроциттер түзуші гемоглобиннің жұмысын реттейді. Қан аздықтың алдын алады және де баланың дұрыс жетілуіне көмек береді. Эритроциттер оттегі мен көмірқышқылды алмастыруда маңызды рөл атқарады. Құрма темірге бай, сондықтан да күніне 15 құрмадан артық жеген адам ағзаға қажетті темірді алған болады. Құрмада кездесетін кальций және фосфат қаңқа мен тіреуіш әрі қозғағыш аппараттарының дұрыс қалыптасуын қамтамасыз етеді. Бұл жемісті үзбей жеу —  ағзаны сынғыш сүйек пен остеопороздан сақтайды.

Анар адамның өмір жасын ұзартады

20160713221507Анар дәнінің құрамы адам өмірін ұзартуға әсер етеді, деп мәлімдеді швейцариялық ғалымдар.

Дұрыс тамақтануды насихаттаушылардың дені анарды адам денсаулығы үшін өте пайдалы деп санайды. Лозанна ғалымдарының зерттеу нәтижесі мұны растап отыр.

Анар құрамында эллагитанниндер бар. Ас қорытылғанда бұл зат А уролитиніне айналады. Тәжірибелер кезінде зерттеушілер А уролитинін тышқандардың тағамына қосқанда олардың төзімділігі 42% артқанын байқаған.

ҚазАқпарат

Жүгерінің денсаулыққа пайдасы қандай?

Жүгерінің денсаулыққа пайдасы қандай?Жүгері тек дәмді азық қана емес, денсаулыққа өте пайдалы, деп жазады anabol.kz.

Жүгерінің құрамы моно және дисахаридтерге, қанықпаған май қышқылдарына, су, крахмалға өте бай. Сондай-ақ оның құрамында В9, Е, РР, В1, В2, В5, С дәрумендері және ниацин, холин бар. Бұл өнім — құрамындағы темірдің көптігінен чемпион.

Ғылыми зерттеулердің нәтижесінде, жүгерінің жоғары тағамдық және биологиялық белсенділігі дәлелденген. Егер сіз осы өнімді күнделікті рационыңызға қоссаңыз, ағзаңызда зат алмасу процессі айтарлықтай жақсарады. Нәтижесінде, денсаулығыңыз да жақсарып, иммунитетіңіз күшейеді. Қуырылған жүгеріге қарағанда, қайнатылған жүгері пайдалы болады. Қайнатылған жүгері терінің қартаюын тежейді және қатерлі ісік дамуын болдырмайды. Сонымен қатар, зат алмасу бұзылған кезде, бауыр ауруы, жүрек-қан тамырлары ауруын емдеу кезінде пайдалы. Жүгеріні өт тасы, холангит және холецистит белгілерін жеңілдету үшін пайдалануыңызға болады. Гастрит кезінде ұнтақталған жүгері сорпасын пайдалану ұсынылады. Оның асқазанның шырышты қабатына да пайдасы көп.

Ауырғанда қолдануға болатын табиғи антибиотиктер

Ауырғанда қолдануға болатын табиғи антибиотиктерді оқырман назарына ұсынамыз. Мәліметтер anabol.kz сайтынан алынды.

Ауырғанда қолдануға болатын табиғи антибиотиктер

  1. Ақжелкек (хрен)

Ақжелкектің тамырында қыша майлары және ферменттер бар. Оны жаққан кезде оттегінің әсерінен екі зат бірігіп, аллил қыша майлары қалыптасады. Мұның өзі мұрын мен тыныс алу жолдарының бактерияларымен күресетін өте күшті табиғи антибиотик болып табылады.

Трахеит, бронхит, созылмалы жөтел кезінде: 1 ас  қасық үгітілген ақжелкекке 3 ас қасық бал қосып араластырып, тұндырып қоямыз. Дайын болғаннан соң күніне 1 шай қасықтан 5 рет тұтыну қажет, қоспаны ауызда еріту қажет.

5

  1. Мүкжидек

Зәр шығару жолдарындағы зиянды бактерияларды тазалап, қуатты антибиотик және вирусқа қарсы зат ретінде әрекет етеді. Мүкжидек — тамаша антиоксидант, бұл еркін радикалдардың зиянды әсерінен жасушаларды қоғайтын заттарға бай.

Мүкжидек квасы

Мүкжидекті жуып, жентектен, оған су құйып қайнатады да сүзеді. Сонан соң алынған тұнбаға қант қосып қайтадан қайнатады да, суытады, (тұнба шамалы жылу үшін). Содан кейін ашытқы салып, араластырып, бір тәулік қояды. Шөлмекке немесе банкаға құйыл, салқын жерде сақтайды. 2-3 күннен кейін квас әзір болады. 800 г мүк жидегіне: 350-400 г құмшекер, 40 г ашытқы керек.

1

  1. Сарымсақ

Сарымсақ қан, ішкі органдар мен тыныс алу жолдарының зиянды бактериялары, ішек паразиттері және вирустарды жоюға көмектеседі. Ол қан қысымын төмендетеді және қанның ұюын болдырмайды. Сарымсақ ісікке қарсы және денені зиянды заттардан тазартады, соның арқасында антиоксиданттық қасиеттерге ие.

Бір бөлік сарымсақта 400-ге жуық пайдалы компоненттер бар. Олар қандағы холестерин деңгейін төмендетеді және қанды тазалайды. Туберкулез таяқшаларымен хеликобактерді (асқазан жарасын тудырушы бактерия) жойып, ағзадағы құрттарды тазалайды.

2_copy

  1. Райхангүл (базилик)

Райхангүл — тамаша табиғи антибиотик. Дезинфекциялық, бактерицидтік қасиеттерінің арқасында, ол ағзаны көптеген инфекциялардан қоғайды.

Баспа (ангина)

250 мл қайнаған суға 4 шай қасық майдаланған райхангүл қосып, 20 минут қайнатады. Суытып, тәулігіне 2-3 рет тамағыңызды шайыңыз.

Blueberries with leaves on white background.

  1. Көкжидек

Бұл жидектің құрамында ауруды төмендетіп, созылмалы қабыну салдарын жоюға көмектесетін табиғи аспирин бар. Көкжидек зәр шығару жолдарының бактерияларын жойып, антибиотик ретінде әрекет етеді.