Қазақстанда төлқұжат пен жеке куәлік 15 күнде беріледі
Қазақстан азаматтарына төлқұжат пен жеке куәлік 15 күннің ішінде беріледі.
«Азаматтарға құлаққағыс, Ішкі істер министрілігі мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін 30-дан 15 жұмыс күніне қырқарту бойынша «Қазақстан Республикасының азаматтарына төлқұжат пен жеке куәлікті беру» пилоттық жобасын өткізу туралы шешім қабылдады», — делінген хабарламада.
Осылайша, 2015 жылдың 1-қыркүйегінен бастап, асығыстықтың бірінші дәрежесінен басқаларға, екінші және үшінші дәрежедегілер үшін құжатты әзірлеу мерзімі қысқартылады.
«Енді өтініш рәсімделген күннен бастап асығыстықтың бірінші дәрежесі бойынша тапсырғандарға дайын құжатты ұсыну мерзімі төрт жұмыс күні болады», — делінген баспасөз релизінде.
Астанадағы барлық мекемелерде жұмыс уақыты өзгеретін болады
Жұмыс уақытының басталуы Астанадағы барлық мекемелер мен кәсіпорындарда да өзгеретін болады. Бұл туралы бүгін елорда әкімдігінде «Астана LRT» компаниясының басшысы Талғат Ардан мәлім етті.
Оның айтуынша, барлық мемлекеттік мекемелер мен түрлі ұйымдардың жұмыс уақыты 9:00-де басталады. Оған 200 мыңнан астам оқушылар мен студенттерді тағы қосыңыз.
«Жолдағы кептелісті жеңілдетудің түрлі шараларын қолданғанмен, көшелердің сыйымдылығы шексіз емес. Көпірге келгенде кептеліс болуы заңды. Бірақ егер біз барлық мекемелерде зерттеу барысында олардың жұмыс уақытын өзгертсек, жұмысқа дейін 15-20 минутта жетуге мүмкіндік болады. Бұл әлемдік үдеріс. Аспаннан ештеңе ойлап тапқан жоқпыз», — дейді ол.
Т. Арданның сөзі бойынша, қазіргі кезде арнайы зерттеу жасалуда. Оның аясында мекемелердегі жұмыс уақыты таңғы 7:00-ден 10:00-ге дейін өзгертілмек.
Қазақстан халқының саны 17 млн 563 мың адамнан асты
2015 жылдың 1 тамызында еліміздегі халық саны 17 563,3 мың адамға жетті, оның ішінде 9 983,2 мың (56,8%) қалаларда, 7 580,1 мың адам (43,2%) ауылдарда тұрады. 2015 жылдың қаңтар-шілде айларында халық саны 145,6 мың адамға немесе 0,8%-ға, 2014 жылдың 1 тамызымен салыстырғанда 254,6 мың адамға немесе 1,47%-ға артты.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2015 жылдың қаңтар-шілдесінде 231,5 (231,4) мың адам туылған.
Осы кезең аралығында 80,0 (78,6) мың адам қайтыс болған, 2014 жылдың қаңтар-шілдесімен салыстырғанда 1,8%-ға көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,85 (7,83) адамнан келеді.
2015 жылдың қаңтар-шілдесінде республика халқының табиғи өсімі 2014 жылдың қаңтар-шілдесімен салыстырғанда 1,2 адамға немесе 0,8%-ға азайып, 151,6 (152,8) мың адамға жетті. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,87 (15,21) адамнан келеді.
2015 жылдың қаңтар-шілдесінде республикада 2 263 (2 411) 1 жасқа дейінгі нәресте қайтыс болған, 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,1%-ға азайды. Осы кезеңде нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 2014 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 10,42 промилледен 9,77 промиллеге дейін төмендеді.
Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі – перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2015 жылдың қаңтар-шілдесінде 1 166 (1 319) нәресте қайтыс болды, бұл нәрестелер арасындағы өлімнің жалпы санының 51,5%-ы (54,7%). Туа біткен ауытқулардан қайтыс болған нәрестелер саны 490 (481) немесе 21,7% (20,0%), тыныс органдары ауруларынан – 160 (184) немесе 7,1% (7,6%) және жазатайым оқиғадан, уланудан және жарақаттан – 121 (111) немесе 5,3% (4,6%) адам.
Ыбыраевтың шығармашылық кеші өтті
«Қаллеки» театрының негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актері – Ыбыраев Болат Қалыбекұлының 60 жасқа, шығармашылығына 40 жыл толуына орай шығармашылық кешін өткізді.
Астанадағы Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында танымал актер Болат Ыбыраевтың шығармашылық кеші өтті.
Бенефисте ол өзінің сәтті шыққан рөлдерінің бірі — Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» шығармасындағы Едіге рөлін сомдады.
Сахна шебері бүгінге дейін ұлттық және әлемдік классикалық шығармалардан сан қырлы 60-тан астам бейнені сомдаған.
Орталық коммуникациялар қызметі баспасөз конференциялардың жаңа форматын енгізеді
Баспасөз турлары – ауыл шаруашылығын қолдау немесе индустрияландыру болсын, мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың қарқындарын көрсететін ең жақсы тәсіл. Тап осындай оқиға орнынан жасалған репортаждар журналистер мен қоғамның назарын көбірек тартуда.
Осыны назарға ала отырып, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі баспасөз турлары аясындағы баспасөз конференциялардың циклін бастайды. Олар отандық экономикадағы істердің мән-жайын көрсетеді.
Осындай шаралардың алғашқысы қазіргі кездегі өзекті мәселелерді бірі – жинау науқанының біріне арналған. Журналисттердің алдында ауыл шаруашылық вице-министрі Сапархан Омаров сөз сөйлейді, одан кейін Ақмола облысының ең ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындарымен таныстыру экскурсиясы өтеді.
Осындай баспасөз турлар болашақта да өткізілетін болады – олардың барысында мемлекеттік органдардың өкілдері жол және индустриалды құрылыстың қарқындары жайлы айтады.