Алдағы жылдары Қазақстанда магистрлар мен PhD докторларын дайындау бойынша мемлекеттік тапсырыс көбейтілетін болады. Магистрлар мен өндіріс мамандары білім және ғылым саласына шақырылып, профессор-педагогтар құрамын 70%-ға өсірмекші. Бұл туралы Қазақстан ЖОО Ассоциациясының өкілдері хабарлады.
Ассоциация өкілдерінің айтуынша бұл жоғары оқу орындарындағы ғылыми-педагогикалық құрамның ескірген мәселелерін шешу әдісі болмақ, сондай-ақ жас магистрлар мен PhD докторларын білім және ғылыммен айналысуға қызығушылықтарын арттырады.
Іс-шара барысында Ассоциация президенті Рахман Алшанов жоғары оқу орындарындағы профессор-оқытушы құрамындағы ара қатынасты қайта қарастыруды және жоғары білімге қолжетімділікті кеңейтуді ұсынды. Пікірталас кезінде мәселелерді шешудің оңтайлы әдістері ұсынылды, әсіресе талапкерлердің ҰБТ емтиханын тапсырмай оқуға түсуі туралы мәселе өзекті болды. Бастама көтерушілер әр жоғары оқу орнының өз емтихандары болғанын құптайды.
Білім және ғылым министрлігі де бұл ұсыныстарды қарастыруға дайын екендерін мәлімдеді.