Домой Блог Страница 93

Павлодар облысында шағын ауылдарды дамыту бойынша «Жаңа дем» бағдарламасы өз бастауын алды

0

Блог - astananews: Павлодар облысында  шағын ауылдарды дамыту бойынша  Жаңа дем бағдарламасы өз бастауын алды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын тойлау аясында Қазақстан жастарының конгресі «Жаңа дем» пилоттық жобасын жүзеге асырды. 2016 жылдың 21 қыркүйек күні Екібастұз қаласының жастары Екібастұз ауданындағы Ә.Марғұлан атындағы ауылында жөндеу жұмыстарын жүргізді. Жоба мақсаты – қала жастарының активімен шалғай ауылдардағы жөндеу жұмыстарын қажет ететін үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізу, қала жастары мен ауыл жастарының қатынасуына мүмкіндік жасау және ауыл жастарына мастер-класстар, тренингтер өткізу. Жоба ұйымдастырушысы «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТБ. Павлодар облысындағы жоба қолдаушысы – «Нұр Отан» ХДП-ның Екібастұз қалалық филиалы.
«Жаңа дем» бағдарламасы ауылдық елді мекендердің жандануына және оларға қолдау көрсетіп, жастарды көркейтуге шақыруға бағытталған.
Қала жастарынан құралған еңбек жасақтарының мүшелері Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарының 25 ауылдық жерлерінде жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі таңда 9 ауыл бойынша қажет еткен әлеуметтік қорғалмаған отбасылар, еңбек ардагерлері, зейнеткерлер үйлеріне әрлеу жұмыстары атқарылды.
Жоба аясындағы жұмыс келесі түрлерде жүргізіледі:
Үйлердің косметикалық ремонты. Косметикалық жөндеу жұмыстарына үйлерді әктеу, терезелерін, дуалдарын бояу, графикалық суреттермен әрлеу кіреді. Графикалық суреттер жастар ұйымдарының логотиптері стилінде және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығының символикасы салынады.
Үй территорияларын және қараусыз қалған үйлерді тазалау. Жасақ мүшелері қоқыс пен үйлер сынықтарынан тазалайды.
Ауыл тұрғындары мен жастарына мастер-класстар, тренингтер, ағылшын тілі, кәсіпкерлік негіздері, әлеуметтік жобалау, тұлғалық өсу сабақтарын өткізу. Аталған шараларды «Болашақ» бағдарламасының түлектері, жастар ұйымдарының көшбасшылары өткізеді.

Қарағанды облысында шағын ауылдарды дамыту бойынша «Жаңа дем» бағдарламасы өз бастауын алды

0

Блог - astananews: Қарағанды облысында  шағын ауылдарды дамыту бойынша  Жаңа дем бағдарламасы өз бастауын алды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын тойлау аясында Қазақстан жастарының конгресі «Жаңа дем» пилоттық жобасын жүзеге асырды. Аталған жоба 20 қыркүйекте Қарағанды облысында бастауын алды. Қарағанды облысының Осакаровск ауданының жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» ҰДП филиалы және «Раян» жастар қоғамдық ұйымы еріктілері құраған еңбек жасағы Қарағанды облысының 3 аулына аттанды.
«Жаңа дем» бағдарламасы ауылдық елді мекендердің жандануына және оларға қолдау көрсетіп, жастарды көркейтуге шақыруға бағытталған. Еңбек жасағы Қарағанды облысының Осакаровск ауданының Озерное аулындағы 5 үйге, Пионерское аулында 5 үйге және Осакаровка аулында Қарттар үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізді. Жөндеу жұмыстарына аймақ тазалау, терезеледі бояу, үйлерді әктеу, үй қоршауларын бояу және үй қабырғаларын әрлеу кірді. Үй қабырғалары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығының символикасы және жастар ұйымдарының логотиптерімен (Қазақстан жастарының конгресі, «Жас Ұлан», Қазақстан студенттерінің Альянсы) әрленді.
«Жаңа дем» жобасы Қазақстанның 4 облысында өткізіледі, атап өтсек: Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облысы. Қазіргі таңда жоба Павлодар, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында жүзеге асырылды.
Жөндеу жүргізілген үйлердің мекен-жайлары келесі бетте көретілген.

Ақтөбе облысында «Жаңа дем» бағдарламасы өз бастауын алды

0

Блог - astananews: Ақтөбе облысында  Жаңа дем бағдарламасы өз бастауын алды
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын тойлау аясында Қазақстан жастарының конгресі «Жаңа дем» пилоттық жобасын жүзеге асырды. Аталған жоба қыркүйек айының 17 жұлдызында Ақтөбе облысында бастауын алды.
«Жаңа дем»бағдарламасы ауылдық елді мекендердің жандануына және оларға қолдау көрсетіп, жастарды көркейтуге шақыруға бағытталған. Жастар топтары Мартукск ауданындағы Веренка селосына аттанды. «Қазақстан жастарының конгресінің» Ақтөбе облысындағы белсенділері, «Жас Ұлан» аймақтық қоғамдық ұйымы, Қазақстан студенттерінің Альянсы өкілдері Нудьга Вера, Будко Александра, Божко Нина Максимовна, Прокопало Мила Константиновна атты ұстаздық еңбектің зейнеткерлерінің үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізді.
«Жас Ұлан» облыстық Кеңесінің мүшелері Веренко аулының мектеп оқушыларына тренинг жүргізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Балалармен жеке әңгіме-дүкен құрылғанда, Ақтөбе қаласының 55-мектебінің аға тәлімгері Таирова Айшерім мектеп мұғалімдеріне білім реформалары бойынша өз үлгісінде үш тілді білудің маңыздылығы туралы мастер-класс өткізді.
Ақтөбе облысының Қазақстан студенттерінің Альянсы жетекшісі Дәурен Есалиев тұлғалық өсу туралы тренингтер мен ауыл жастары арасында team-building өткізді.
— «Жаңа дем» жобасы Қазақстанның 4 облысында өткізіледі, атап өтсек: Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облысы. Ақтөбе облысы бойынша 4 ауылда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, ауыл жастарына мастер-класстар, тимбилдингтер мен бизнес-тренингтер өткізіледі, — дейді Қазақстан жастарының конгресінің аудандық өкілі және «Жас Ұлан» аудандық қоғамдық ұйымының жетекшісі Диана Гафсалимова.

Жастар арасында радикалды идеология таралуының алдын алуға қатысты дөңгелек үстел өтті

«Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқарма» ММ-сі «Ұлағат» мәдениет және даму қорымен бірлесіп, «Жастар арасында радикалды идеология таралуының алдын алу: әдіс-тәсілдері және жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

841a5738

841a5663

    Іс-шараның өзектілігі елдегі және әлемдегі қоғамдық-саяси, мәдени-рухани ахуалдың қазіргі замандағы үрдістерімен тікелей байланысты. Уақытылы ескерту және алдын ала жүргізілетін жұмыстарда сапалы әдіс-тісілдердің қолданылуы мемлекеттің тұрақтылығының кепілі. Дөңгелек үстелде спикерлер ретінде қоғам қайраткерлері, дінтанушылар, теологтар және осы салада білікті мамандар қатысты.

841a5741

841a5702

 Шара барысында баяндамашылар мен қатысушылар жастарды дәстүрлі емес ағымдарға тартудағы ғаламтор ресурстарының әсері, жастарды жұмыспен қамту және бос уақыт өткізуін ұйымдастыру, жастар бастамаларына мемлекет тарапынан қолдау көрсету мәселелеріне назар аударды.

Қоғам Қайраткері Әділ Құрманжанұлы Ахметов радикалды идеологиялардан төңетін қауіппен күрестегі қазақстандық жолдың жүзеге асыруын және нығаюына тоқталды.

ОҚО әкімі «Болашақ» ақпараттық-оңалту орталығында болды

ОҚО әкімі «Болашақ» ақпараттық-оңалту орталығында болдыБүгін ОҚО әкімі Б. Атамқұлов Шымкенттегі «Болашақ» ақпараттық-оңалту орталығында болды, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Жұмыс тобы «ЖИТС-тен балаларды қорғау» қайырымдылық қоғамдық қорының президенті Жанетта Жазықбаевамен бірге әлеуметтік, құқықтық және медициналық көмек алып жүрген тірек қимылы бұзылған мүмкіндігі шектеулі балалардың жағдайымен танысты. Кездесуде облыс әкімі ВИЧ індетіне шалдыққан балаларды ортадан шеттетпей, қоғамға бейімдеу қажеттігін айтты.

Айта кету керек, 2006 жылы құрылған қоғамдық қор соңғы үш жылдан бері онкология, гепатит В, С, қант диабеті, тірек қимылы бұзылған мүмкіндігі шектеулі балаларға түрлі бағыттар бойынша көмек көрсетіп, қолдаумен айналысады. Бүгінгі таңда қорда 247 бала есепте тұрады.

25 қыркүйекте елордада Еңбек күні аталып өтіледі

25 қыркүйекте елордада Еңбек күні аталып өтіледіҚазақстанда қыркүйектің соңғы жексенбісінде Еңбек күні аталып өтіледі. Биылғы жылы аталған мереке үшінші рет мерекеленеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Атаулы дата қоғамда адам еңбегінің беделін өсіруге, еңбек өнімділігін ынталандыруға, жұмысшы мамандықтарды насихаттауға және жастарды өндіріс саласына тартуға, жұмысшы әулеттердің көп жылдық дәстүрін нығайтуға бағытталған.

Еңбек күнін мерекелеу аясында 23 қыркүйекте сағат 10.00 «Жастар» театры ғимаратында қалалық еңбек Форумы өтеді. Шара барысында «Еңбек жолы» қалалық конкурсының «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас маманы» және «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациялары бойынша жеңімпаздарын, кәсіптері бойынша үздіктерді құттықтайды. Сонымен қатар, спорттық жарыстар, эстрада әртістерінің қатысуымен концерт және басқа да мерекелік шаралар ұйымдастырылады.

«Жастар» театры жаңа мерейтойлық маусымын ашады

«Жастар» театры жаңа мерейтойлық маусымын ашады2 қазанда «Жастар» театры Ш. Айтматов пен Ә. Кекілбаевтің «Шыңғысхан» әфсанасымен өзінің мерейтойлық Х маусымының шымылдығын түреді, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Қойылым сағат 19.00 басталады. 2007 жылы «Жастар» театрының алғашқы маусымы да дәл осы қойылыммен ашылған болатын.

Еске сала кетейік, 2010 жылы аталмыш қойылым ІІІ Халықаралық Орталық Азия елдерінің театр фестиваліне қатысып, «Үздік режиссер», «Үздік Шыңғысхан рөлі» аталымындағы жүлдеге лайық деп танылған.

Қойылымның режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театрдың көркемдік жетекшісі әрі бас режиссері Нұрқанат Жақыпбай. Спектакль қазақ тілінде қойылған.

Жақында «Жастар» театрының әртістері ХХІV Республикалық драма театрлары фестивалінде өнер көрсетті. Театр Ж.П. Пило мен О. Шультездің «Моцарт» қойылымымен (мюзиклі) гран-при алды. Сонымен қатар, Брест қаласында «Белая вежа» ХХІ халықаралық театрлар фестивалі аяқталды. Ш.Айтматов пен Ә. Кекілбаевтің «Шыңғысхан» спектаклі үшін театр әртістері «Ең әсерлі қойылым» сыйлығын иеленді.

ОҚО-да жылу маусымына дайындық жұмыстары кестеге сай жүруде

ОҚО-да жылу маусымына дайындық жұмыстары кестеге сай жүрудеБұл туралы бүгін ОҚО аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы М.Марайым облыстың 2016-2017 жылдардағы жылу маусымына дайындығы бойынша айтқан баяндамасында хабарлады.
Айтуынша, өңірдегі 3272 бюджеттік мекеменің 99 пайызы маусымға дайын болса, орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілетін 2278 көпқабатты тұрғын үйлердің 89 пайызына жылу беруге болады. Ал облыс орталығы – Шымкенттегі дайындық 86 пайызды құрап отыр.
«Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ететін мекемелердегі жалпы қазандықтар саны 48. Олардан бүгінгі күнге дайындалғаны 46 (96%). Бұл жерде тек ТЭЦ-3 — 1 қазандық және ТЭЦ-5 — 1 қазандықта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуге байланысты бітпей отыр, талапқа сәйкес 1 қазанға дейін толық аяқтау тиіс, жұмыстар жүргізілуде», — деді басқарма басшысы.
Баспасөз жиынында спикер облысқа 105,9 мың тонна қатты отын мен 27 мың тонна сұйық отынның қажеттігін айтып, бүгінгі таңда тасымалдау жұмыстары кестеге сай атқарылып жатқанын жеткізді.
Марғұлан Зұлқарнайұлы жылу маусымын ойдағыдай өткізу үшін Шымкенттегі 44,3 шақырым жылу құбырларына қайта құру және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ретке келтірілгенін хабарлады. Сондай-ақ, ол жылу маусымына дайындық жұмыстары 15 қазанға дейін жалғасып, кескеге сай толық дайын болатынын айтты, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Көксу қант зауытына биылғы жылдың алғашқы өнімі жеткізілді

afac4488e696b69155765eef0a85f313Бүгін Көксу қант зауытына биылғы жылғы қант қызылшасының алғашқы легі жеткізілді. Шаруаларды Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров осы жылдың алғашқы өнімін жинауларымен құттықтады.

Көксу қант зауытына бүгін алғашқы 200 тонна қант қызылшасын жеткізген Сарқан ауданындағы «Мадияр» шаруа қожалығы болды. Бұл қожалық ағымдағы жылы 200 гектар аумаққа қант қызылшасын еккен. Орташа өнімділігі гектарынан 500 – 550 центнерді құрады. Жалпы диқандар қызылша алқабынан 8 мың тонна тәтті түбір жинауды жоспарлауда, ал бүгінгі зауытқа жеткізгені соның тек бір бөлігі ғана.

Көксу қант зауытының құрылтайшысы Нұрлан Тлеубаев пен осында жиналған қонақтар зауытқа өнімнің алғашқы легінің жеткізілуіне байланысты қалыптасқан дәстүр бойынша салтанатты түрде зауыттың  қызыл лентасын қиды. Осылайша, қант қызылшасын өңдеуге ресми түрде рұқсат берілді. Ендігі кезекте зауытқа өңірдің қант қызылшасын өсіруге бағытталған барлық аудандарынан біртіндеп қант қызылшасы келе бастайды.

2015 жылы қант қызылшасының алқабы 4080 гектар болса, биылғы жылы қант қызылшасының алқабы 6,8 мың гектарға жетті. Жоспар бойынша қайта өндеуге тәтті түбірдің 242 мың тоннасының өткізілуі күтілуде. Атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы Мемлекет басшысының Алматы облысына қант қызылшасын өсіруші аймақ атағын қайтару туралы тапсырмасын орындауға бағытталған.

Астана қалалық «Жайдарман» біріншілігі

Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, Қазақстан КВН одағы ұйымдастыруымен Астана қалалық «Жайдарман» біріншілігінің жартылай финалы өтті.

Әр ойынның үздік командаларына және жалпы жартылай финалдық сайыстың үздік ойыншысына бағалы сыйлықтар табысталды. Біріншіліктің жаңа жүргізушісі – Рүстем Елжанов. Ал ойыншылардың өнерін бағалаған  – Ернат Мұхамадиев, Ақұлан Тастемір, Нұрмахан Мұқанұлы, Бекзат Дүйсенов, Әділет Төлеутаев, Әділбек Келдібай болды. Командалар сәлемдесу және көрініс сайыстары бойынша жарысты. Қорытындылай келе, төмендегі командалар финалдық сайысқа жолдама алды.

  1. «Жібек жолы» — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
  2. «Тұран жастары» — «Тұран-Астана» университеті
  3. «Энерго» — С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті
  4. «4-корпус» — Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
  5. «Сарыарқа ауданының жастар құрамасы» — Cарыарқа ауданы

Финал 20 қараша күні өтеді деп жоспарланды.

Авторы: Айымзада Сәндібаева