12 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
Матрицаға сәйкес,
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды,Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Сары» аймақта: Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК 4 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Сары» аймақта : Шымкент қаласы,...
Елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов Tengrinews ақпараттық порталының тілшісімен болған тікелей эфирдегі сұхбатта коронавирустың жаңа штамы осыған дейінгі түрлерінен қалай ерекшеленетінін, жақын арада қандай жағдай күтілетінін және омикрон штамы қалай емделетінін түсіндірді.
Т. Мұратовтың айтуынша «омикрон» жұқтырған...
Елордада омикроннан басқа ковидтің осыған дейінгі штамдары жойылып кетті ме? Бұл сұраққа елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов жауап берді.
Оның айтуынша, жұрт жиі жұқтыратын ауру өзіне дейінгі инфекцияны ығыстырып тастайды.
«Эпидемиологияда мынадай заң бар: жұрт жиі жұқтыратын ауру...
Премьер-Министр Үкімет отырысында карантиндік шектеулерді бизнес үшін жеңілдете отырып, қайта қарауды тапсырды.
«Бизнестің жұмысына бөгет жасамай, туындаған проблемаларды бірлесіп шешуіміз керек», — деді Ә. Смайылов.
Сондай-ақ, Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге вакциналау және ревакциналау жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Коронавирус бойынша «көк» мәртебесі бар тұрғындар үшін бірқатар шектеу алынып тасталды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті.
«Эпидемиологиялық қауіп аймағына қарамастан «көк» мәртебесі бар болған кезде отельдерге, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол, автовокзалдарға, Халыққа...
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары "омикрон" штамы Еуропада пандемияның тоқтап қалуына әкелуі мүмкін деген болжам жасады. Бұл туралы Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың Телеграм каналы жазды.
"Вирустың бұл нұсқасы COVID-19 инфекциясын жаңа, соңғы фазаға ауыстырды. Еуропа пандемияның соңғы кезеңіне...
Қазақстанда өткен тәулікте 11 340 адамнан коронавирус анықталды. Осымен коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 157 681 жетті.
Айта кетейік, 2022 жылғы 23 қаңтардағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 9 126 541 адам, II компонентті - 8 690 027...
Алматы қаласы бас мемлекеттік санитария дәрігерінің жаңа қаулысы шықты.
Спорттық-сауықтыру орталықтарына, моншаларға, сауналарға, бассейндерге кіру – тек "жасыл" мәртебесі барларға, сондай-ақ коронавирус инфекциясына қарсы вакциналауға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарға рұқсат етіледі.
Тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық...
ҚР Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды.
«ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №38 Қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдар вакцинацияланбаған жұмысшылары үшін 7 күнде 1 рет ПТР әдісімен COVID-19-ға міндетті түрде тестілеуді қамтамасыз етсін», -делінген қаулыда.
Бұл ұйымдардың қатары...
Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті.
Бұл туралы...