Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаевтың фотолары мен видеоларын әзірлейтін кәсіби мамандарды таныстырды.
"Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен әлеуметтік желілердегі оқырмандарымыздан түсіп жатқан сауалдарға байланысты сіздерге фотолар мен видеоларымызды әзірлейтін, қас-қағым сәтті қалт жібермейтін кәсіби мамандарымызды таныстырғымыз келеді.
Президенттің жеке...
Мемлекет басшысы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевты қабылдады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа оқу орнының бір жылда атқарған жұмыстары мен алдағы даму жоспары таныстырылды. Сондай-ақ ректор Мемлекет басшысына білім беру үдерісі, ғылыми-зерттеу жұмыстары және университеттің халықаралық жетістіктері туралы баяндады.
Кездесу барысында...
Мемлекет басшысы жұмыс сапарының бағдарламасына сәйкес Алматы қаласындағы маңызды архитектуралық ескерткіштердің бірі – Оқушылар сарайын аралап көрді.
Президентке ғылым-білім орталығын қайта қалпына келтірудің және жаңғыртудың алғашқы кезеңінің нәтижелері мен жоспары туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің балалардың бос уақытын...
Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында Президенттің өкілеттігін біртіндеп қысқарта отырып, Парламенттің рөлін айтарлықтай арттыру қажет екенін айтты.
«Біз Президенттің өкілеттігін біртіндеп қысқарта отырып, Парламенттің рөлін айтарлықтай арттыруымыз керек. Сол арқылы мемлекетіміздің институционалдық тұғырын нығайтамыз. Шын мәнінде елімізде өкілді билік тармағы мықты болуы...
ҚР Президенті баспасөз қызметінің Telegram-каналында Қасым-Жомарт Тоқаевтың студент кезіндегі фотосы жарияланды.
Хабарламаға сүйенсек, Президент жас кезінен газет-журналды көп оқитын болған.
«Президент жалпы газет-журналды жас кезінен көп оқиды. Мына фото Қасым-Жомарт Кемелұлының студенттік шағынан. Мәскеу қаласы, ММХҚИ жатақханасы, 1975 жыл», - делінген хабарламада.
Жамбыл облысы Жамбыл ауданына қарасты Жасөркен ауылындағы «Мөлдір» балабақша-мектеп гимназиясының 2-сынып оқушысы Жібек Исабек жуырда ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа жүрекжарды тілегін жазған.
Сабақ үлгерімі жақсы, озат оқушылардың бірі – Жібектің жүрегі де мейірімге толы. Оның хаты Мемлекет басшының қолына...
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған азаматтардың рухына мешітте құран бағыштап, кейін халыққа үндеу жасады.
"Ардақты ағайын!
Биылғы жыл еліміз үшін қайғылы оқиғадан басталды. Халқымыз өте қиын сынақты бастан өткерді. Мемлекетіміздің тұтастығына, азаматтарымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің болашағына қауіп төнді....
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет отырысында шетелге заңсыз шығарылған қаражатты елге қайтару мәселесін көтерді.
«Үкіметке екі ай мерзім ішінде шетелге заңсыз әкетілген қаржы мен онда сатып алынған активтерді елге қайтару жөнінде ұсыныстар беру міндеті жүктеледі», - деді Мемлекет басшысы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев орташа жалақы мен жан басына шаққандағы табыс көлемі ұдайы өсіп келеді деген жалған есептер беруді сынға алды.
«Қазіргі таңда 1 миллионға жуық адамның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейді. Бұл - соңғы 10 жылдағы ең нашар...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Байбекке «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары лауазымындағы көп жылғы жұмысы үшін алғыс айтты. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті.
Бұл туралы...