Алматы облысында «Жетім балалар үйінсіз Жетісу» бағдарламасы қолға алынды

1750
Алматы облысында «Жетім балалар үйінсіз Жетісу» бағдарламасы қолға алынды. Жобаның мақсаты – ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың патронаттық жанұяда жақсы тәрбие алуына жағдай жасау.
Осы игі шараның аясында Есік қаласында көшеде қалған бір үйдің төрт баласы енді жаңа отбасында тәрбиеленетін болады. Кішкентай Камилла үш бауырымен бірге жаңа жанұяда тәрбиеленетініне қуанышты. Жеткіншек әкесінің қайда жүргенінен хабарсыз. Ал шешесі жақында бұларды тастап кеткен. Балаларды әжелері милицияға өткізіп, ол да ізім-ғайым жоғалған. Жетімдердің жағдайын ести сала Қайрат пен Орынкүл оларды бауырына басуды ұйғарады. Тиісті тексерудің барлығынан өткен соң бүлдіршіндер Қадыровтар отбасына патронаттық тәрбиелеуге берілді. Қадыровтар әулеті – Еңбекшіқазақ ауданындағы сегізінші патронаттық отбасы. Оларда ата-ана қамқорлығынан айырылған 30-ға жуық бала тәрбиеленіп жатыр. Балалар үшін енді ашқұрсақ күндер артта қалды. Олардың жаңа шаңыраққа бауыр басып кеткені бал-бұл жанған жүздерінен-ақ байқалып тұр.
Ал патронаттық тәрбие жүйесі облыста 2004 жылдан бастап жүзеге асып келеді. Әсіресе, Еңбекшіқазақ, Қаратал, Іле аудандарының көрсеткіші жоғары. Патронат ата-ана үш балаға дейін тәрбиеленуіне заң жүзінде рұқсат бар. Әрбір балаға мемлекет тарапынан қажетті қаражат бөлінеді.
«Жетім балалар үйінсіз Жетісу» жобасының мақсаты – жетімдер үйін азайтып, ондағы тәрбиеленіп жатқан балаларды толық отбасында өсіру. Осы жолда Алматы облысында біраз игі істер де атқарылды.
Бөлісу:
Алдыңғы мақалаАлматы облысының орталығы — Талдықорғанда салтанатты шеру өтті
Келесі мақаладаТалдықорғанның тәлімбағы дамып келеді