ЭКСПО-ға келген шетелдіктердің пікірі

2728

Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне келген шетел азаматтары ұйымдастыру шараларына жоғары баға беріп отыр. Олардың ойынша, Қазақстанның батыл бастамасы мәңгі есте қалады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Итальяндық Микеле Сальгарелло өз елінің павильонын құрастыруға бір жыл бұрын келген екен. Содан бері Астананың біраз жерлерін аралап, жергілікті xалықты әбден біліп алған.

«Қазақстандықтар өте қайырымды әрі достыққа берік xалық екен. Олар осы уақытқа дейін атқарылған жұмыспен мақтана алады. ЭКСПО-ның өзі — тамаша шара! Осының арқасында xалықтың ойлау қабілетін, көзқарасын, жалпы мемлекетті өзгертуге болады. Көрмеге дайындық жұмыстары да жақсы атқарылды. Меніңше, аталған шара мәңгі есте қалады», — дейді Сальгарелло.

Австралиядан кейін Артур Маунтер де біраз нәрсені байқап үлгерген. Оның айтуынша, Астана — жастар қаласы. Бұл жерде өзіңді танытуға, өзіңді сынап көруге мол мүмкіндік бар.

«Мен өзім тіл жағынан ешбір қиындық көрген жоқпын. Себебі жастардың көбісі ағылшын тілін біледі екен. Такси жүргізушілері де тілді жетік білмесе де, адамның айтқанын түсінуге тырысады», — деп атап көрсетті Маунтер.

Ал даниялық Уале Петерсен арнайы ЭКСПО-ға келмесе де, өз сапарының көрме уақытымен тұспа-тұс келгеніне қуанып отыр.

«Астанада алғаш рет бес жыл болғанмын. Осы уақыттың ішінде қала қатты өзгерді. Халқы көбейді. Сәулеті де көркейе түсті. Ойын-сауық орындары мен мейрамxаналар салынды. Аймақтың басқа мемлекеттерімен салыстырғанда, Қазақстаннның дамуы көзге анық көрінеді. Сосын қауіпсіз жерде жүргеніңді білесің», — дейді Петерсен.

Бөлісу:
Алдыңғы мақалаАлматы облысында этномәдени бірлестіктер кездесуі өтті
Келесі мақаладаЕскелді ауданына жаңа әкім таныстырылды