Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

Әлемнің 10 үздік жоғарғы оқу орны

Білім

Әлемнің 10 үздік жоғарғы оқу орны

Әлемнің 10 үздік жоғарғы оқу орны

Әлемнің үздік университеттерін анықтаумен бірнеше агенттіктер айналысады. Бірақ кейде олардың берген жауаптары өзара сәйкес келмей жатады. Сол үшін QS, Шанхай және U.S.News ұйымдарының нәтижелерін салыстырып, ортақ бір тұжырымдама жасалды. Соны назарларыңызға ұсынамыз.

Harvard University

Harvard University – АҚШ-тың бұрыннан келе жатқан оқу орны. Ол әлемдік ең көп қайырымдылық жасайтындардың көшін бастап тұр. Гарвард қабырғасында 40 Нобель сыйлығы лауреаты, көптеген саясаткерлер (мысалы Теодор Рузвельт и Барак Обама) және кәсіпкерлер (мысалы Билл Гейтс и Марк Цукерберг) білім алған.

Massachusetts Institute of Technology

Massachusetts Institute of Technology – ғылым мен теxнология саласындағы әлемдік көшбасшы. MIT 80 Нобель лауреатын шығарып, көптеген зерттеулер жасаған.

University of Cambridge

University of Cambridge – Еуропадағы ең көне оқу орындарының бірі. 1209 жылы кірпіші қаланған білім ордасының 88 түлегі Нобель лауреатын иеленген. Қазіргі таңдағы ең көп лауреаттар осы университеттен шыққан.

University of Oxford

University of Oxford – Британдық білім жүйесіндегі лидер. Көптеген әлемдік жастардың арманы осы жерде тоғысқан.  Оқу орны мақтан тұтатын түлектерінің қатарында Льюс Кэррол, Джон Толкин, Маргарет Тэтчер и Тони Блэр бар.

University College London

University College London – Лондондағы ең алғашқы оқу орны. UCL өзінен шыққан ғалымдар қатарымен мақтана алады. Олар: Александр Бел (телефонды ойлап табушы), Джон Флеминг (электрондық лампаны шығарушы), Френсис Крик (ДНК молекуласын зерттеуші).

Stanford University

Stanford University бір сөзбен айтқанда әлемді өзгерткен жаңалықтар ашқан өнертапқыштардың ордасы.

California Institute of Technology

Caltech NASA-ның ғылыми-зерттеу орталығының бірін басқарады. Жаңа теxнологиялардың дамуымен тікелей айналысатын бірден-бір оқу орны.

Princeton University

Princeton University – ең талантты оқытушыларды бір жерге жинаған қара шаңырақ. Бұл жерде танымал тұлғалардың көп бөлігі оқыған.

Yale University

Yale University 19 ғасырдың басынан-ақ әлемнің түкпір-түкпіріндегі ең талантты студенттерді жинай бастады.

Columbia University

Columbia University – ең көне университеттердің бірі. Әр түрлі саладағы мықты мамандарды дайындайды. Жарқын үлгісі ретінде осы оқу ордасынан түлеп ұшқан 43 Нобель лауреаты, 123 Пулитцер премиясының жүлдегерлерін, АҚШ-тың 3 президенті мен әлемдік танымал жазушылар мен қоғам қайраткерлерін айтуға болады.

University of Chicago

University of Chicago университетінен көптеген ғалымдар мен зерттеушілер шыққан. Ең қызығы осы ғалымдардың көпшілігі жүлде алған зерттеулерін университет қабырғасында жасап, жаңалықтарын да білім алып жүрген кезде ашқан. Білім ордасында оған барлық мүмкіндік жасалған.

Imperial College London

Imperial College London – медицина мен ғылым саласындағы әлемдік көшбасшы. Өзгелермен салыстырғанда жас университет  (1907 жылы кірпіші қаланған) әлемдік аренада орнын дәлелдеп, көптеген жастардың арман оқу орнына айналып үлгерген.

Сымбат Төлекберген

Бөлісу:
Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Білім айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

Жоғары