Тенере ағашы. Жалғыз талдың ақыры

Африканың Тенере шөлінде өскендіктен "Тенере ағашы" деп аталған бұл акация тұқымдас тал, кезінде әлемдегі "ең жалғыз" ағаш болып есептелді. Себебі 400 шақырым радиуста басқа ағаш жоқ еді. Ғалымдар оның жасы шамамен 300-де екенін анықтады. Ағаш үш ғасыр бойы керуендерге бағдар болып, өзінше аялдаманың қызметін атқарған.

3087
Ағаштың 1939 жылғы фотосы ©amusingplanet.com
Ағаштың 1939 жылғы фотосы ©amusingplanet.com

Қызығы сол, айдалада үш ғасыр бойы өскен Тенере ағашы 1934-1959 жылдар арасында «жол-көлік оқиғасының» құрбаны болған: оған машина соққан! Әдейі соқпаса, ми далада тап осы  талға машинаның келіп соғу ықтималдығы тым мардымсыз деген күдік бар. Дегенмен, француз этнографы әрі саяхатшысы Анри Лоттың мәлімдеуінше, бұл ағаш 1959 жылы әлі тірі болған.

Тенере ағашы. Талдың 1939 жылғы фотосы ©amusingplanet.com
Ағаштың 1939 жылғы фотосы ©amusingplanet.com
Тенере ағашы. Ағаштың 1969 жылғы фотосы ©amusingplanet.com
Ағаштың 1969 жылғы фотосы ©amusingplanet.com
Тенере ағашы. Ағаштың 1970 жылғы фотосы ©amusingplanet.com
Ағаштың 1970 жылғы фотосы ©amusingplanet.com

Қырсық шалғанда, жападан жалғыз тұрған бұл талға 1973 жылы тағы да машина соғып, ол ақыры сынып тынды. Ағаштың қалдықтары Нигер астанасы Ниамейдегі Ұлттық Музейге қойылып, орнына темірден ескерткіш орнатылды.

Тенере ағашы. Ағаштың орнындағы қазіргі ескерткіш ©amusingplanet.com
Ағаштың орнындағы қазіргі ескерткіш ©amusingplanet.com