Алматы облысының бюджетіне өзгерістер енгізілді

Басқа ақпараттар

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен облыстық мәслихаттың кезекті XVI сессиясы өтті. «Алматы облысы мәслихатының «Алматы облысының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 11-54 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу» мәселесі туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Асқар Қожабаев баяндама жасады.

Сессия барысында белгілі болғанындай, нақтыланғаннан кейінгі облыс бюджеті 395 млрд. теңгені құрады. Енгізілген барлық өзгертулер облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамытуға, мақсатты индикаторларға қол жеткізуге бағытталып отыр. Бұл өз кезегінде халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал ететін болады.

Сонымен қатар сессия барысында облыстық қаржы басқармасының басшысы Болат Сәтбаев, Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Нұрсұлтан Әкежанов, облыстық мәслихаттың бюджет, қаржы және тарифтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Қанатхан Нүсіпов баяндама оқыды.

Соңғы жарияланымдар

«Қауіпсіз жол» акциясы барысында 450-ден астам заң бұзушылық анықталды

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті 2026 жылғы 15–30 маусым аралығында республика аумағында «Қауіпсіз жол»...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз