Четверг, 21 ноября, 2024
No menu items!

Димаш Құдайберген онкология орталығына медициналық жабдықтар сыйлады

Басқа ақпараттар

2021 жылғы 16 қаңтарда Димаш Құдайберген Tixr америкалық платформасында қайырымдылық сипаты бар Project C. U. R. E. коммерциялық емес ұйымымен бірге «Dimash Digital Show» онлайн-концертін өткізді.

Димаш пен project C. U. R. E. қайырымдылық ұйымының бірлескен жұмысының нәтижесінде Нұр-Сұлтан қаласының «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығына» медициналық жабдықтар мен материалдар жеткізілді.

Медициналық орталыққа кереуеттер, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арбалар, хирургиялық бас киімдер, қолғаптар, хирургиялық маскалар, көзілдіріктер, бетперделер, N-95 халаттар мен маскалар берілді.

2022 жылдың 21 ақпанында «DimashAli» шығармашылық орталығының жетекшісі Қанат Айтбаев, «DimashNews» редакциясы және жоба үйлестірушісі Қымбат Жақыпова «ҰҒОО»  барып, жеткізілген жүкті қарап, орталық қызметкерлерімен әңгімелесті.

«ҰҒОО» Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Сыздықұлы Сатыбаев «DimashNews» тілшісіне берген сұхбатында:

«Қазіргі уақытта әлемдегі эпидемиологиялық жағдайда онкологиялық науқастарды емдеуге арналған жабдықтар мен материалдарды орталық белсенді қолданып жатыр. Кереуеттер палаталарға орнатылады, медициналық материалдар қызметкерлер мен пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде», – деді.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img