Воскресенье, 24 ноября, 2024
No menu items!

«Туған топырақты аялайық!»

Басқа ақпараттар

Кербұлақ ауданының Басши ауылында «Гүлзар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, «Гүлстан» газетінің бас редакторы Гөзел Құлжабаеваның бастамасымен «Туған топырақты аялайық» атты дәстүрлі конференция өтті.

Шараға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ректорының кеңесшісі, ақын Бауыржан Жақып, филология және тарих ғылымдарының докторы Ләйлә Ахметова, «Келбет» бағдарламасының продюсері Жаңыл Асылбекова, сол сияқты конференцияның құрметті қонағы ретінде заңғар жазушының немересі Зифа-Алуа Әуезова қатысты. Қонақтар Райымбек батыр атындағы мектепте, «Батыр ана» саябағында, Қазақстанның Халық әртісі Н. Нүсіпжанов атындағы ботаникалық бақта болды. Мұнан соң М. Әуезовтің бағы орналасатын Нұрым ауылына барды.

— Құрметті қонақтар, осыдан екі жыл бұрын біз Абай атындағы саябақ ашқан болатынбыз, биылғы жылғы шарамыз Мұхтар Әуезовтің 120 жылдығына арналып отыр. Осыған байланысты біз 120 түп ағаш отырғызамыз, оның басым бөлігі – қарағай, — деді Гөзел Құлжабаева. Шара соңында конференцияға қатысушылар жас көшеттерді отырғызу рәсімін атқарды. 

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img