Щучинскідегі жарылыстан қаза тапқандар саны тоғызға жетті

Басқа ақпараттар

Щучинск қаласында болған жарылыс пен өрт салдарынан тағы бір азамат көз жұмды. Осылайша, қайғылы оқиға құрбандарының саны тоғызға жетті, деп хабарлайды Jas.kz 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Марқұм Бурабай ауданының көпсалалы ауданаралық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқан. Ақмола облыстық Денсаулық сақтау басқармасы оның қайтыс болғанын растады. Дәрігерлер бірнеше күн бойы науқастың өмірі үшін күрескенімен, аман алып қалу мүмкін болмады. Мәліметке сәйкес, көз жұмған науқастың денесінің 85 пайызын күйік шалған.

Қазіргі уақытта аудандық ауруханада тағы екі адам ауыр жағдайда жатыр. Сонымен қатар облыстық көпсалалы ауруханада төрт науқас ем қабылдауда, олардың бірі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Соңғы жарияланымдар

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ға дейін төмендетті

Қазақстан Ұлттық Банкі Ақша-кредит саясаты комитетінің шешімімен базалық мөлшерлеме 25 базистік тармаққа төмендетіліп, 16,75% деңгейінде белгіленді. Бұл туралы Ұлттық...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз