2022 жылғы І тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 285433 теңгені құрады.
Атаулы жалақы индексі 2021 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда 123,7%, ал нақты жалақы индексі 112,7% құрады.
2021 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда ең көп өсім келесі салаларда: құрылыс – 33,7%мемлекеттік басқару – 33,1% көлік және қоймалау – 30,4% ақпарат және байланыс – 26,6%, білім беру – 21,7% денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету – 18,1%. Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 619,4 мың теңге, ең төменгі жалақы мөлшері ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде – 144,1 мың теңге.
Өңірлер арасында ең жоғарғы орташа айлық жалақы Атырау облысында белгіленді – 477,9 мың теңге, ең төменгі СҚО-да – 203,4 мың теңге. Толық ақпарат тоқсандық бюллетенде. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда.