Четверг, 5 декабря, 2024
No menu items!

Маңғыстаулық әлем чемпионы жеңісі үшін сыйға алған 1 миллион теңгені балалар үйіне берді

Басқа ақпараттар

Әмбабап жекпе-жектен әлем чемпионы болған Нұрсұлтан Жұбатқан жеңісі үшін алған сыйақысын балалар үйіне қайырымдылыққа жұмсады. Ол бұл ісі арқылы балаларға қуаныш сыйлағысы келген. 

– Бұл қаражат балалардың жақсы білім алуына, денсаулықтарын жақсартуға және болашақта өз орнын табуларына көмек болады деген сенімдемін. Әлем чемпионатында жеңіске жеткенімде, қуанышымды осы балалармен бөлісге ниет еттім. Балалардың жүздерінен күлкі мен қуанышты көру – мен үшін үлкен бақыт. Спорттың күш-жігерді арттырумен қатар, мейірімділікті насихаттайтынын көрсеткім келеді. Осы арқылы біз өзіміздің қоғам алдындағы жауапкершілігімізді сезініп, болашақ ұрпаққа үлгі болуға тырысамыз. Сондықтан менің бұл ісім балаларға шабыт беріп, армандарына жетуіне септігін тигізеді деп сенемін, — дейді спортшы.


Маңғыстау облыстық мамандандырылған балалар үйінің басшысы Сәру Ермұханованың айтуынша, балаларға бұрын-соңды мұндай сыйлық берілмеген.

– Біздің өңірден осындай чемпион шыққанына қуаныштымыз. Нұрсұлтан Жұбатқанды балалармен таныстырып, үміт отын сыйладық. Балалар жігерленіп, спортшы ағасындай ел намысын қорғауға ниет білдірді. Чемпионның ата-анасына, жаттықтырушысына алғыс айтамын, — дейді балалар үйінің басшысы.

Фото: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникациялар орталығынан

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Түркістанда туризм бойынша Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің өкілдеріне арналған семинар-тренинг өтті

Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше және байқаушы елдер өкілдерінің басын қосқан семинар-тренинг өтті. Іс-шара өзара тәжірибе алмасуға және туризм...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img