Воскресенье, 8 сентября, 2024
No menu items!

Республикалық Алматы Ашық лигасы өтті

Басқа ақпараттар

Екі күнге созылған Республикалық Алматы Ашық лигасының жартылай финалдық сайыстары өз мәресіне жетті. 2-3 қазан күндері Алатау киноконцерт сахнасында тартысты бәйгенің лебі айқын сезілді. Оған дәлел — қазылар алқасының шешімі. Шешімді ой елегінен бірнеше мәрте өткізіп, ұпай сандарына байланысты шығарды. Қазылар алқасының құрамында 2 қазан күні БАС продакшн бас продюсері Ақылбек Досжан, ардагер КВНші, белгілі тележүргізуші, түрлі жобалардың авторы Марат Оралғазин, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Серік Ибрагимов, 2013 жылғы жоғары лига чемпионы, қазіргі таңда актер Ақболат Өтебаев, 2014 жылғы чемпионы, қазіргі таңда автор Аманжан Махметов болды.

Ал 3 қазанда Ұлттық құрама чепионы Қасымов Абылайхан, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Серік Ибрагимов, 2013 жылғы жоғары лига чемпионы, қазіргі таңда актер Ақболат Өтебаев, көрерменнің сүйікті жайдарманшысы Мейрамхан Шалқыбеков және Еркебұлан Бердалиев  сынды елге танымал тұлғалар төрелік етті.  Шешім ережеге сай шығарылды.

Ойын қорытындысы бойынша тікелей финалда 4 команда. Олар: «Апорт» (Алматы), «Жұлдызай жұлдыздары», «Зертас» (Шымкент), «GOLD» (Өскемен).
Ал «Томи Жери» (Алматы), «Royal» (Алматы), «Байланыс жастары» (Алматы) командалары әзірге резервте.

Алматы Ашық лигасының жартылай финалдық сайыстары көрерменнің ыстық ықыласына бөленген ойындардың бірі боғланы сөз. Салмақты ой әзілдермен айтылып, астарлы мағынаға толы түрлі тақырыптар қозғалды. Әрбір команданың бұл жолы дайындықпен келгені сезіліп тұрды. Тартысты ойында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар жайдарманшылар өзгелерін басып озды. Десе де әрқайсысы көрерменнің көңілінен шығып, жүректеріне жол таба білді.

Финалда жолыққанша!

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Этникалық қазақ балаларына арналған Jas Qazaq» жазғы-этно лагерінің ашылды

25 маусым күні этникалық қазақ балаларына арналған Jas Qazaq» жазғы-этно лагерінің ашылу өтті. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img