«Галышева сынға түседі»: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?

151

Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының екінші жарыс күнінде қазақстандықтар жүлде үшін тартыс жүргізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шаңғы жарысынан отандастарымыз скиатлонда сайысқа түседі. Өкінішке қарай, квота аз болғандықтан бұл күні жарыс жолына тек Виталий Пухкало мен Евгений Величко шығады.

Трамплиннен секіру жарысында Сергей Ткаченко мен Данил Васильев орташа трамплиндегі (К-95) нәтижесін негізгі кезеңде жақсартуға тырысады.

Бүгін 2018 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева өнер көрсетеді, ол бірінші іріктеуге қатыспаған болатын. Сондай-ақ, Анастасия Городко, Аяулым Әміренова және Олеся Граур да могул финалына шығуға талпынып көреді.

Сонымен қатар, керлингте аралас жұп турнирі, мәнерлеп сырғанаудан командалық турнир және шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы турнир өтеді. Ерлер арасында шаңғы жарысының негізгі кезеңі, сноуборд-слоупстайлдан іріктеу болады.

6 ақпандағы кесте

Шаңғы жарысы
13:00 Скиатлон (15 км/15 км). Ерлер

Фристайл
16:00 Могул. Екінші іріктеу. Әйелдер
17:30 Могул. Финал. Әйелдер

Трамплиннен секіру
17:00 Негізгі кезең. Орташа трамплин. Ерлер

Қайдан көруге болады:
Хабар, Матч Арена, 15:55, 17:25 (могул).
Qazaqstan, Матч Страна, 16:55 (трамплиннен секіру).
Qazaqstan, Бірінші арна, 12:50 (шаңғы жарысы).

* Нұр-Сұлтан уақытымен