Жетісу облысы Панфилов ауданында, Аққұдық ауылының маңында 1 шақырым жерде ТЖД құтқарушылары ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен 1951 жылы туған ер адамды анықтады. Ол кеше үйінен шығып, қайта оралмаған.
Іздеу-құтқару жұмыстары тәулік бойы жүргізілді. Оған ТЖД қызметкерлері, полиция, жергілікті атқарушы органдар өкілдері, сондай-ақ туыстары мен жергілікті тұрғындар қатысты.
Аумақты тексеру үшін ҰҰА қолданылып, кең алқаптағы жүгері алқабы жедел тексерілді. Соның нәтижесінде жоғалған азаматтың нақты орналасқан жері анықталды.
Табылғаннан кейін ер адам жедел медициналық жәрдем бригадасына тексеру және қажетті көмек көрсету үшін тапсырылды.
