Қазақстанда елорда күні 448 сәби дүниеге келді  

Басқа ақпараттар

Елорда күні – 6 шілдеде еліміздің медициналық ұйымдарында 448 сәби дүниеге келді. Оның ішінде 223 ұл және 225 қыз бар. Мереке күні Қазақстанда екі егіз дүниеге келді, олардың екеуі де Астана қаласында туған.

Ең көп нәресте – 67 сәби Түркістан облысында дүниеге келді. Алматы қаласында 44 сәби өмір есігін ашса, Шымкент қаласы мен Алматы облысында 40 нәрестеден тіркелді.

Босандыру қызметін көрсететін медициналық ұйымдардың мамандары тәулік бойы жүкті, босанатын әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге қауіпсіз әрі сапалы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

Соңғы жарияланымдар

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ға дейін төмендетті

Қазақстан Ұлттық Банкі Ақша-кредит саясаты комитетінің шешімімен базалық мөлшерлеме 25 базистік тармаққа төмендетіліп, 16,75% деңгейінде белгіленді. Бұл туралы Ұлттық...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз