8 шілдеден бастап Алматы облысында «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының учаскесінде қозғалыс уақытша шектеледі

Басқа ақпараттар

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ Алматы облысында республикалық маңызы бар KAZ-01 «Астана – Қарағанды – Алматы» автомобиль жолын орташа жөндеу аясында 1121–1186 шақырым және 1194–1209 шақырым аралығындағы учаскелерде жол жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды.

Осыған байланысты 2026 жылғы 8–18 шілде аралығында Ақсай – Жібек жолы учаскесінде, 1177–1186 шақырым аралығында күн сайын сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Жөндеу жұмыстары кезеңінде қозғалыс айналма бағыт арқылы ұйымдастырылады.

Сонымен қатар 2026 жылғы 8 шілдеден бастап Күрті – Шабыт учаскесінде, 1121–1177 шақырым аралығында көлік қозғалысы ашылады.

Соңғы жарияланымдар

СЕНІМ МЕМЛЕКЕТ ПЕН БИЗНЕСТІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ АКТИВІНЕ АЙНАЛУДА

Қазақстан астанасында мемлекеттік және корпоративтіккоммуникацияларды дамытуға арналған жыл сайынғы XIV PR Forum Astana кәсіби салааралық конференциясы өтті. Биылғы форумның...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз