Қырғызстандағы резонансты іс: балаларды заңсыз әкетуге Қазақстан азаматы қатысқан

Басқа ақпараттар

Қырғыз Республикасында кәмелетке толмаған балаларды елден заңсыз әкетудің тұрақты арнасын ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды. Іс материалдарына сәйкес, бұл қылмысқа Қазақстан азаматы да қатысқан. Бұл туралы Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Jas.kz.

Тергеу дерегінше, Қазақстан азаматы Израиль азаматының қатысуымен алдын ала сөз байласып, материалдық сыйақы үшін Қырғызстан азаматынан үш кәмелетке толмаған баланы сатып алған. Кейін олар балаларға қатысты азғын әрекеттер жасап, жалаңаштандыру арқылы түсірілген фотоларды мессенджерлер арқылы шетелдегі үшінші тұлғаларға жіберген.

Сонымен қатар күдіктілер Қырғызстан азаматының тағы екі баласына толық қамқоршылық рәсімдеп, оларға да осындай заңсыз әрекеттер жасаған.

Іс материалдары Бішкектегі Первомай аудандық сотына жолданып, 2026 жылғы 12 наурызда сот айыпталушыларды кінәлі деп таныды. Қазақстан азаматы 12 жылға, ал Қырғызстан азаматы 11 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді.

Соңғы жарияланымдар

Ұлытау облысында адвокат аса ірі мөлшердегі алаяқтық және пара беруге итермелеу фактісі бойынша сотталды

Осы жылдың ақпан айында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен Ұлытау облысы адвокаттар алқасының адвокатын ұстады6 деп хабарлайды...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз