Шымкентте киберполиция ірі интернет-алаяқтықтың жолын кесті: зейнеткерге 9 млн теңге қайтарылды

Басқа ақпараттар

Шымкентте полиция ірі интернет-алаяқтық дерегінің алдын алып, қарт тұрғынға ұрланған қаражатын қайтаруға көмектесті, деп хабарлайды Jas.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алаяқтар зейнеткерге хабарласып, өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырған. Психологиялық қысым жасап, түрлі айла-тәсілдерді қолданып, әйелді құпия деректерін айтуға және белгілі бір әрекеттер жасауға көндірген. Соның салдарынан оның банктік шотынан қомақты қаржы заңсыз аударылған.

Жәбірленушінің арызына жедел әрекет еткен киберполиция қызметкерлері қажетті іс-шаралар кешенін жүргізді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде ақша аударылған арна дер кезінде анықталып, қаражаттың әрі қарай қолма-қол ақшаға айналдырылуына жол берілмеді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары жәбірленушіге 9 млн теңгені қайтарып берді. ️

Полицейлер мұндай қылмыстардың, әсіресе, егде жастағы азаматтарға қатысты жиі кездесетінін атап өтеді. Осыған байланысты тұрғындарды сақ болуға шақырады. Жеке деректерді, SMS-кодтарды және банк картасының мәліметтерін ешкімге жария етпеу қажет. Күдікті қоңырау түскен жағдайда дереу полицияға хабарласыңыз.

Соңғы жарияланымдар

СЕНІМ МЕМЛЕКЕТ ПЕН БИЗНЕСТІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ АКТИВІНЕ АЙНАЛУДА

Қазақстан астанасында мемлекеттік және корпоративтіккоммуникацияларды дамытуға арналған жыл сайынғы XIV PR Forum Astana кәсіби салааралық конференциясы өтті. Биылғы форумның...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз