320 отбасы жаңа қонысқа көшті: Сыр өңірінде қуанышты күн

Басқа ақпараттар

Қызылорда қаласының сол жағалауында тағы бір қуанышты оқиға орын алды.
320 пәтерлік 4 көпқабатты тұрғын үй кешені ел игілігіне берілді. Бұл – аймақтың қазақ елі астанасы болғанына және «Қазақ» атауының қайтарылғанына 100 жыл толу мерейтойы аясында жүзеге асқан маңызды әлеуметтік жоба.

Жаңа баспаналар – мыңдаған отбасының арманының орындалған күні.

Салтанатты рәсімге зиялы қауым, ел ағалары, қала тұрғындары мен жаңа қоныс иелері жиналды. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев тұрғын үй құрылысы саласында атқарылған жұмыстарды атап өтіп, жаңа баспаналы болған азаматтарды шын жүректен құттықтады.

«Сыр өңірінде Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен тұрғындарды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік әлеуметтік саясат нәтижелі іске асырылуда. Жаңа үйлердің іргетасы берік, шаңырағы шаттыққа толы болсын!»- деді облыс әкімі.

Соңғы үш жылда қаржыландырудың барлық көзінен облыста 2 млн. 500 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Кезекте тұрған азаматтарға 5 мыңнан астам пәтер сатып алынып, 25 мыңға жуық тұрғын қоныс тойын тойлады.

 

Барлық аудан орталықтарында жаңадан салынған 1500-ге жуық пәтер табысталды. Биыл бюджеттен тұрғын үй құрылысы мен жеке салушылардан дайын 3 800 пәтерді сатып алуға 58 млрд. 785 млн. теңге бөлінді. Қаржыландырудың барлық көзінен 870 мың шаршы метр тұрғын үй беріледі.

Қызылорда қаласының өзінде соңғы үш жылда 5 600 пәтер жерлестеріміздің игілігіне айналды. Өткен айда 280 пәтерлік 7 көпқабатты тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтар қоныстанды. Ерекше атап өту қажет, өткен жылдан бастап қаламызда заманауи жаңа дизайнмен 7, 9, 12 қабатты тұрғын үйлер бой көтеруде.

Іс-шарада құрылысшыларға облыс әкімінің Алғыс хаты табысталып, Жалағаш ауданының құрметті азаматы Өмірбек Шәменов жылы лебізін білдірді.

Жаңа баспаналар елдің әлеуметтік әл-ауқатын арттыру жолындағы нақты қадам. Қоныс тойын тойлаған әр отбасы мемлекетке алғысын білдіріп, жаңа өмірге үмітпен қадам басуда.

 

Соңғы жарияланымдар

Шекарада ұсталды: мыңға жуық малды шетелге шығармақ болғандар әшкереленді

Мемлекет басшысының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бағаны тұрақтандыру жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Ішкі істер министрлігі ауыл шаруашылығы жануарларын...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз