Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

Басқа ақпараттар

Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы тұрақсыз болады. Синоптиктердің болжамынша, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды Jas.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Елдің солтүстік-шығысы мен орталығында қалың қар жаууы ықтимал. Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде кей уақытта жаңбыр мен қар түріндегі күшті жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша көктайғақ пен тұман байқалып, солтүстік аймақтарда боран болуы мүмкін.

Синоптиктердің мәліметінше, көптеген өңірде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. Батыста күндізгі температура 0–10 градус жылуға дейін көтерілуі мүмкін. Солтүстік-батыста күндіз 2 градус аяздан 3 градус жылуға дейін жылынады.

Солтүстік өңірлерде күндізгі ауа температурасы 0–7 градус аяз шамасында болса, оңтүстік пен оңтүстік-батыста 5–13 градус жылуға дейін жетеді. Ал шығыс пен орталық аймақтарда алдағы күндері ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі күтіледі.

Соңғы жарияланымдар

Ұлытау облысында адвокат аса ірі мөлшердегі алаяқтық және пара беруге итермелеу фактісі бойынша сотталды

Осы жылдың ақпан айында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен Ұлытау облысы адвокаттар алқасының адвокатын ұстады6 деп хабарлайды...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз