Среда, 2 апреля, 2025
No menu items!

Жатақханада қалған студенттердің жағдайы қалай?

Басқа ақпараттар

Қазақстандық жоғары оқу орындарының әкімшіліктері студенттерді азық-түлікпен және бірінші қажеттіліктегі тауарлармен қамтамасыз етеді, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қазіргі уақытта студенттер қысқы демалыста.

Жалпы, бүкіл ел бойынша ЖОО жатақханаларында  студенттердің жалпы санының 4%-ы немесе 6 мыңға жуық студент қалды. Негізінен, олар – шетелдіктер және шалғай аймақтардан келген студенттер.

Осы күндері ЖОО-лар басшылығы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кешенді шараларды жүзеге асырды. Сондай-ақ, жатақханада қалған студенттер төтенше жағдай кезінде азық-түлік және бірінші кезекте қажетті тауарлармен қамтамасыз етілуі үшін жатақханаға азық-түлік пен тауарлар және бірінші кезекте қажетті заттар жеткізілді.

Қазір ЖОО басшылығы бірнеше күнге азық-түлік резервін қалыптастырды. Жедел желі телефондары жұмыс істейді.

8-7172-74-16-24

8-7172-74-20-67

8-7172-74-23-52

Соңғы жарияланымдар

ҚР ТСМ келісімімен СҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы тағайындалды

ҚР Туризм және спорт министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының лауазымына ұсынылған Әділхан Сырлыбайұлы Сағындықовтың...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз