Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иран аумағынан Біріккен Араб Әмірліктерін зымырандармен және ұшқышсыз ұшу аппараттарымен шабуылдау әрекеттерін айыптады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.
Оның айтуынша, аталған шабуылдардың салдарынан көптеген тұрғын қаза тауып, азаматтық инфрақұрылымға елеулі нұқсан келген.
Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы жағдайды одан әрі шиеленістіретін мұндай әрекеттерді ақтауға болмайтынын атап өтті.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық даулы мәселелерді шешудің ең дұрыс жолы дипломатиялық тәсілдерге жүгіну екенін жеткізді.
