Студенттер «Balapan» телеарнасының директорымен кездесті

863

ҚР Ақпарат және  қоғамдық  даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды  қолдау  орталығы» КЕАҚ-ның  мемлекеттік қолдауымен «Жігер.Абырой. Сана» қоғамдық  қорының ұйымдастырумен  Нұр-Сұлтан қаласы, ЕАГИ колледжінде кездесу өтті. Жастар  жылы аясында ұйымдастырылып отырған  кездесу  «Balapan»  телеарнасының директоры Мақпал Жұмабаймен болды. Кездесуде  адамның  кәсіби дамуы үшін  қажетті  дағдылар жайында айтылды. Сонымен қатар, «Balapan»  телеарнасының бас  продюсері  Сандуғаш  Кенжебаева телеарнаның контенті, бағыты  туралы кеңірек айтып берді.

 

Қоғамдық  мінез-құлық, ақпараттық иммунитет, тұлға болып қалыптасу  туралы  тақырыптар қозғалды. Жастардың  ойын  біліп, сұрақтарына жауап берді. Кездесу жастар, студенттер үшін пайдалы  болды. Мақпал Жұмабай студенттерге шығармашылықпен айналысуға үлкен шабыт  сыйлады!