Өткен тәулікте қар құрсауынан 300-ге жуық адам құтқарылды

Басқа ақпараттар

Елімізде ауа райының күрт нашарлауына байланысты құтқарушылар өткен тәулікте қар құрсауында қалған 300-ге жуық адамды құтқарды, деп хабарлайды Jas.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, боран, көктайғақ, қатты жел және көрінудің нашарлауына байланысты құтқарушылар 287 адамды, оның ішінде 17 баланы қауіпсіз жерге эвакуациялаған. Сондай-ақ қар құрсауында қалған 40 автокөлік шығарылды.

ТЖМ азаматтарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға және дауылды ескертулерді назардан тыс қалдырмауға шақырады. Қолайсыз ауа райы кезінде алыс жолға шықпау ұсынылады.

Сонымен қатар ауыл тұрғындарына ауа райы нашарлаған жағдайда ұзақ уақыт далада жүрмеу ескертілді.

Соңғы жарияланымдар

Ұлытау облысында адвокат аса ірі мөлшердегі алаяқтық және пара беруге итермелеу фактісі бойынша сотталды

Осы жылдың ақпан айында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен Ұлытау облысы адвокаттар алқасының адвокатын ұстады6 деп хабарлайды...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз