Алаяқтар референдумға қатысты азаматтардан SMS-код сұрауда

Басқа ақпараттар

Жалған ақпаратқа қарсы күрес орталығы алдағы референдумға байланысты алаяқтық әрекеттер туралы хабарламалар түсіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Jas.kz.

Орталықтың мәліметінше, өзін «дауыс беруді тіркеу қызметінің өкілі» ретінде таныстыратын белгісіз адамдар азаматтарға телефон шалып, алдағы референдумға «бюллетеньді тіркеу» үшін SMS арқылы келген кодты айтуды сұрайды.

Сонымен қатар, кейбір мессенджерлерде өзін онлайн дауыс беруді ұйымдастырушылар ретінде таныстыратын адамдар азаматтарға қоңырау шалып, референдум бойынша «дауыс берушілерді тіркеу» жүргізіп жатыр деген мазмұнда хабарламалар тарап жатыр.

Жалған ақпаратқа қарсы күрес орталығы мұндай әрекеттердің алаяқтық екенін ескертті.

«Референдумда дауыс беру немесе оған байланысты рәсімдер азаматтарға телефон шалып, SMS-код сұрауды қарастырмайды. Дауыс беру тек дауыс беру учаскелерінде қағаз бюллетень арқылы жүргізіледі», – делінген орталық хабарламасында.

Осыған байланысты орталық азаматтарды бейтаныс адамдарға жеке деректерін және SMS арқылы келген кодтарды айтпауға шақырады. Сондай-ақ ресми ақпаратты тек орталық, аумақтық және учаскелік дауыс беру комиссияларының ресми хабарламаларынан алуға кеңес береді.

Соңғы жарияланымдар

Ұлытау облысында адвокат аса ірі мөлшердегі алаяқтық және пара беруге итермелеу фактісі бойынша сотталды

Осы жылдың ақпан айында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен Ұлытау облысы адвокаттар алқасының адвокатын ұстады6 деп хабарлайды...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз