Ақтөбеде кәмелетке толмағандарға арналған орталықтан қашып кеткен жасөспірімдер іздестіріліп жатыр

Басқа ақпараттар

Ақтөбе қаласында кәмелетке толмағандарға арналған орталықтан өз бетімен кетіп қалған үш жасөспірім іздестірілуде, деп хабарлайды Jas.kz Диапазонға сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, жасөспірімдер кешкі уақытта мекемеден рұқсатсыз шығып кеткен. Содан бері олардың қайда екені белгісіз.

Іздестіру жарияланғандар:
– 15 жастағы Асхат Иманов;
– 15 жастағы Айса Райс;
– 16 жастағы Нурислам Абдурахман.

Әзірге жасөспірімдердің мекемеден кетуіне не себеп болғаны ресми түрде хабарланған жоқ. Аталған орталық балалар үйі мен кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының қызметін қатар атқарады.

Айта кетейік, бұл орталықта мұндай жағдай бұрын да тіркелген. 2023 жылдың желтоқсан айында осы мекемеден үш қыз қашып кеткен еді.

Жасөспірімдердің жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтардан полицияның 102 нөміріне немесе еріктілерге хабарласу сұралады.

Соңғы жарияланымдар

Ұлытау облысында адвокат аса ірі мөлшердегі алаяқтық және пара беруге итермелеу фактісі бойынша сотталды

Осы жылдың ақпан айында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен Ұлытау облысы адвокаттар алқасының адвокатын ұстады6 деп хабарлайды...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз