Пятница, 13 декабря, 2024
No menu items!

Әке кеңесі

Басқа ақпараттар

Әкем айтқан жігерлі сөздерден бастайын:

1. Әрқашан сенімді бол.Сенімің сені алдамайды.

2. Өз жолыңды, жүрек қалауыңды таңда. Қалауыңды тапқан екенсің,жүрген жолыңда білімді бол. Білімді ешқашан жерде қалмайды.

3.Қателікке жол берме.Міне жаздым деп жазғаныңды жариялай салма. Бабында ма, сүрленген бе байқа? Нақты нүкте қойылып аяқталса,сәттілік!

4.Ең жақын досың — кітап!

5.Көзбен көргеніңе, әр сөзіңе,істеген ісіңе жауапты бол.

6.Бауырмашыл бол! Барың-бауырларың, туғандарың.

Қыз баласы анасымен сырлас болғанымен, әкесінің бар мейірімен мәпеленеді. Әке ақылымен жүру, ешкімнің ала жібін аттамай, адал ғұмыр кешу баланы тек жақсы болашаққа ғана әкеледі. Әке — қомқоршымыз, ең керемет қолдаушымыз. Мықты тәрбие мектебінің ұстазы!

Шаршаса да сыр бермеген әкешім,

Сен мен үшін еңбексүйгіш әкесің.

Өзің де үлгі, ісің де үлгі қызыңа,

Кім сүймейді болса өзіңдей әкесін.

Авторы: Сәулет Ибрагимқызы

Соңғы жарияланымдар

Қайрат Сәтжанов: Екі салмақ бойынша финалдың нәтижесімен келіспейміз❌

Бокстан Қазақстан 🇰🇿құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов команданың Таиландта өткен Азия чемпионатындағы өнеріне қатысты пікір білдірді. «Біз тек екі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз