Четверг, 21 ноября, 2024
No menu items!

Сырмақ. Наурыз берекелі болсын!

Басқа ақпараттар

Сырмақ — жұқа киізден жасалатын жаю. Ол әдетте жиюлы тұрып, қонақ келгенде, той болғанда төселеді немесе қабырғаға ілінеді.

Сырмақ — эстетикалық бұйым. Оның материалынан бастап, ою-өрнектеріне дейін — болашақта қонақтың сыйлылығын, үйдің мәртебесін нықтауға бағытталады.

Сырмақ. ©jas.kz

С-қты дайындау үшін алдымен қойдың биязы жүнінен жұқа киіз басылады. Сосын оған матадан қосымша астар тігіледі. Кәдімгі киізден айырмашылығы да осы астары болуында. Бет жағына матадан ою-өрнек сырылады. «Сырып тігу» дегеніміз — матаны инені өте қысқа қадамдармен бастырып тігу.
Сырып тігудің өзі әдістеріне қарай — «қабып сыру», «тепшіп сыру», «қайып сыру» деп жіктеледі.

С-қты өрнектеудің кең тараған әдісі — түсті киізді немесе матаны бірі-біріне беттестіріп, оюды қайшымен қию. Алынған оюды жиектеп (шеттерін тігіп), ортасын сырады. Қабырғаға ілінетін с-қтарға әдемілік үшін шашақтар, бейнелер, діни мазмұндағы сөздер, есімдер жазылуы да мүмкін. С-тарда әдетте өсімдіктердің бейнелері басым.

Сырмақ. ©jas.kz

Теріскейде «бітпес» атты сырмақ түрі жиі ұшырасады. Мұнда киізге өрнектер жібек жіппен салынады. Ол жіппен қалаған өрнегіңді қалағаныңша иіп, барынша дәл салуға болады. Бітпесте негізінен қошқар мүйіз, қос мүйіз және сыңар мүйіз оюлары жиі бедерленген.

Шығыс, Алтай өңірлерінде өңірінде «қомша», «қалауыш», «әбдіре жапқыш» секілді шағын ғана с-қтар кездеседі. Олардың жиектеріне шашақ тігілген.

Сырмақ. ©jas.kz

С-қ әдетте үйдегі жайылатын, ілінетін жердің өлшемімен алдын ала жоспарланып тігіледі. Және болашақтағы мақсатына қарай — «төр с-қ», «төсек с-қ», «от киіз», «от с-қ», «төрткүл с-қ», «үлкен с-қ», «шай с-қ», «жамбас с-қ», «тері с-қ», «тері бөстек» деген түрлі атауларға ие болған.

Шырақ Байкенова

Алдыңғы мақала
Келесі мақалада
- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img