Воскресенье, 23 марта, 2025
No menu items!

Коменданттық сағат кезінде жолаушыларды шығарып салуға рұқсат етілді

Басқа ақпараттар

Коменданттық сағат кезінде елордада әуежай мен теміржол вокзалдарынан жолаушыларды қарсы алуға және шығарып салуға рұқсат беріледі. Міндетті шарт – билеттің (фото) және жеке басты куәландыратын құжаттарының өзімен бірге болуы, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты қаланың комендатурасына сілтеме жасап.

Бұл шаралар жолаушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданды.

Сондай-ақ, коменданттық сағат кезінде жолаушыларды жеткізу мақсатында қала әкімдігінің Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мен CTS ЖШС «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» – «Нұрлы жол вокзалы» қатынасындағы маршруттық автобустарды арнайы іске қосты, олар 21:00-ден таңғы 06:00-ге дейін қатынайды.

Комендатура қалада коменданттық сағат 23:00-ден таңғы 07:00-ге дейін екенін еске салды. Қала тұрғындарына сыртқа шығуға тыйым салынады. Елорданы құқық қорғау органдары тәулік бойы күзетеді.

Қосымша ақпарат алу үшін азаматтар комендатураның жедел штабына 71 60 20 нөмірі бойынша немесе «IKomek109» қызметіне хабарласа алады.

Соңғы жарияланымдар

ҚР ТСМ келісімімен СҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы тағайындалды

ҚР Туризм және спорт министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының лауазымына ұсынылған Әділхан Сырлыбайұлы Сағындықовтың...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз