Среда, 2 апреля, 2025
No menu items!

Алматыдағы Авто ХҚО жұмысын қайта бастады

Басқа ақпараттар

Бүгіннен бастап Алматыда мамандандырылған ХҚО жұмыс істей бастады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК Алматы қаласы бойынша өкілі Жаңыл Әпетова айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Оның айтуынша, АвтоХҚО жұмыс кестесі – сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, дүйсенбі-жұма аралығында болады.

«Сонымен қатар, ХҚО-дағы құжаттандыру секторлары мен Миграциялық ХҚО бөлімі де қайта іске қосылды.

Мемлекеттік қызметтердің 80% -дан астамын онлайн алуға, сондай-ақ автокөлікті Kaspi және Halyk Homebank банк қосымшалары арқылы қайта ресімдеуге болатынын еске саламыз»,- деді Жаңыл Әпетова.

Ол АвтоХҚО-ларда кезек тудырмау үшін осы сервистерді пайдалануға кеңес берді.

Мамандандырылған ХҚО ғимаратына кіру Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты клиенттер санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс – әлеуметтік қашықтықты сақтап, бетперде тағуы керек.

Соңғы жарияланымдар

ҚР ТСМ келісімімен СҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы тағайындалды

ҚР Туризм және спорт министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының лауазымына ұсынылған Әділхан Сырлыбайұлы Сағындықовтың...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз