Ақтөбеде қызды аяусыз соққыға жыққан ер адам сотта кешіріммен босап шықты

Басқа ақпараттар

Ақтөбеде өткен жылы басталған таныстық ауыр қылмыстық оқиғаға ұласты. Күзде 34 жастағы ер адаммен танысқан қызбен арада қарым-қатынас орнап, олар кездесіп жүрген, деп хабарлайды Jas.kz Диапазон сайтына сілтеме жасап.

Оқиға биыл ақпан айында болған. Қыз жігітінің ауырып жүргенін естіп, түнде халін білу үшін үйіне барған. Үйдің алдында көршісімен сөйлесіп тұрғанын көрген ер адам қызғанышқа бой алдырып, оны күштеп үйіне кіргізген.

Ішке кірген соң ер адам қызды қорлап, телефонын тартып алып, есікті кілттеп тастаған. Кейін оған қол көтеріп, бірнеше рет бетінен ұрып, шашынан сүйреп, бөлме ішінде сүйреген. Қатты соққыдан қыз құлап, өздігінен тұра алмай қалған.

Агрессор мұнымен тоқтамай, жәбірленушінің үстіне отырып, екі қолымен тұншықтырған, ерні мен құлағын тістеген. Қыз көмек сұрап жалынса да, ер адам оны тағы да ұрып, сыртқа шығарып, басын қарға батырып, кейін қайтадан үйге кіргізген. Оны диванға жатқызып, қозғалмауын талап еткен.

Бір сәтте ер адам бөлмеден шыққанда, қыз терезенің кішкене ашық жері арқылы гаражға өтіп кеткен. Алайда ондағы көлікке байланысты шыға алмай қалған. Ер адам оны тауып алып, қайтадан үйге сүйреп кіргізіп, тағы соққыға жыққан. Бұл деректер сот материалдарында көрсетілген.

Оқиғадан кейін полиция қылмыстық іс қозғап, ер адамға «денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» және «заңсыз бас бостандығынан айыру» баптары бойынша айып тағылған.

Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындап, әрекетін қызғанышпен түсіндіріп, жәбірленушіден кешірім сұраған.

Ал жәбірленуші болған жайтты толық баяндап бергенімен, сот барысында айыпталушыны кешіретінін, оған ешқандай талап-арызы жоқ екенін айтып, істі тоқтатуды сұраған.

Сот жәбірленушінің өтінішін қанағаттандырып, тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық істі тоқтатты. Айыпталушы сот залынан босатылды.

Соңғы жарияланымдар

Ұлытау облысында адвокат аса ірі мөлшердегі алаяқтық және пара беруге итермелеу фактісі бойынша сотталды

Осы жылдың ақпан айында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен Ұлытау облысы адвокаттар алқасының адвокатын ұстады6 деп хабарлайды...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз