Понедельник, 9 марта, 2026
No menu items!

Медициналық волонтерлікті дамытатын «Медицина жастары» ұйымы 5 қалада фронт-офис ашты

Басқа ақпараттар

Елімізде медициналық волонтерлікті жүйелі түрде дамытуға бағытталған «Медицина жастары» республикалық ұйымы жаңа кезеңге қадам басты. Аталған ұйым Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Семей қалаларында өз фронт-офистерін ашып, өңірлік жұмысын белсенді түрде жүргізе бастады. Бұл туралы ұйым өздерінің әлеуметтік желісінде бөліскен болатын.

Жаңа ашылған фронт-офистер – бұл тек ресми өкілдік емес, жастардың, болашақ медицина қызметкерлерінің, еріктілердің және сала мамандарының басын қосатын орта. Мұнда медициналық көмек көрсету, ақпараттық-ағартушылық жұмыс жүргізу, сондай-ақ әлеуметтік қолдауды қажет ететін тұрғындарға қол ұшын беру бағытында нақты іс-шаралар жүзеге асырылмақ.

Ұйым алдағы уақытта 6 негізгі бағыт бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізуді көздеп отыр:

  • Медициналық сауаттылықты арттыру – халық арасында денсаулық сақтау мәдениетін дамыту, алдын алу шараларын түсіндіру;

  • Қан донорлығын насихаттау – ерікті донорлар қатарын көбейтуге бағытталған акциялар өткізу;

  • Алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша оқыту – жастар мен тұрғындарға арналған практикалық тренингтер ұйымдастыру;

  • Медициналық ұйымдардағы волонтерлік: стационарларда, хоспистерде, емханаларда көмек көрсету – пациенттерге күтім жасау, медицина қызметкерлеріне жәрдемдесу, тіркеу орындарында және ақпараттық орталықтарда жұмыс істеу.

  • Спорттық және білім беру іс-шараларын, челлендждер мен әлеуметтік желідегі ақпараттық кампанияларды ұйымдастыру, менталдық денсаулықты насихаттау.

  • Контрацепция, отбасын жоспарлау, ЖЖБИ мен АИТВ-ның алдын алу тақырыптарында, соның ішінде жасөспірімдер мен жастарға арналған оқыту семинарлары мен тренингтер өткізу.

«Медицина жастары» ұйымының басты мақсаты — еріктілік арқылы қоғам денсаулығын нығайту және жастардың азаматтық белсенділігін арттыру. Ұйым өкілдерінің айтуынша, бұл бастама тек медициналық қызметке қосымша көмек емес, сонымен қатар жаңа көшбасшылар мен әлеуметтік жауапкершілігі жоғары буынды тәрбиелеуге жол ашады. Медицина саласында ерікті болғысы келетін жандар үшін жоба аясында 10 шағын грантқа байқау жарияланды. Толық ақпаратты «Медицина жастары» ұйымының әлеуметтік желілерінен біле аласыздар

Соңғы жарияланымдар

Әлемдік қор нарықтары құлдырады: мұнай бағасының күрт өсуі инвесторларды алаңдатты

Аптаның басында Еуропаның жетекші қор индекстері күрт төмендеді. Бұған Азия нарықтарындағы ірі құлдырау мен Таяу Шығыстағы шиеленістің күшеюіне байланысты...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз