Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Халыққа Жолдауын жариялады. Жолдауда ол жаңа екі облыс құру қажеттігін айтты.
«Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынамын. Семей қаласы жаңа облыстың орталығы болады. Осы мәселені аймақ тұрғындары көптен бері айтып жүргенін білемін. Қазір ол жақта шешімін таппаған түйткілдер аз емес. Мысалы, аймақтың ішкі инфрақұрылымы әбден тозған», дейді Президент.
Сонымен қатар бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құру қажеттігін айтты.
«Тағы бір мәселе. Бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құру қажет. Жезқазған қаласы қайтадан облыс орталығы болады. Бұл аймақта дербес облыс құру – экономикалық қана емес, рухани жағынан да маңызды шешім», деді ол.