Қоршаған ортаның зиянды әсерінен ең алдымен қолымыздың терісі бұзылады. Әйел адамның қолына қарап жасын аңғаруға болады деген түсінік бар. Сол себепті ең алдымен қолымызға арнайы күтім жасап, қолды жұмсақ әрі нәзік етуіміз керек.
Назарларыңызға әртүрлі масканың жасалу жолын ұсынамыз. Оларды жасаудың алдында міндетті түрде қолыңызды 2-3 минут ыстық суда ұстау керек.
-Қайнатылған картоптан жасалатын маска:
Қайнатылған екі картопты езіп, 150 гр сүт пен 1 шай қасық өсімдік немесе зәйтүн майын қосып, араластырыңыз. Қоспаны қабатталған дәкеге салып, қолыңыздың үстінен басыңыз. Үстін қағазбен жауып, қолыңызды пакетпен ораңыз. 40 минуттан кейін бәрін алып тастап, қолды жылы сумен жуыңыз.
-Зәйтүн майы:
Зәйтүн майын қыздырып алып, қолыңызды батырыңыз. Мақтадан жасалған қолғап киіп, ұйықтай беруіңізге болады. Егер бұл масканы күндіз жасағыңыз келсе, резеңке қолғап киіп алу керек. 20 минуттан кейін қолыңыздың жұмсарғанын байқайсыз.
-Кофе маскасы:
Қолыңыздың терісі жарылып кетсе, кофенің қоюы жақсы көмектеседі. Оны қолға жағып, 5 минуттан кейін сумен жуып тастап, иісмай жағып қойыңыз.
-Жұмыртқа маскасын жасау үшін:
1 ас қасық зығыр майы;
2 ас қасық бал;
Лимон шырыныны араластыру қажет. Қолыңызды сулап, масканы қалыңдап жағыңыз. Одан соң мақтадан жасалған қолғапта 2 сағат ұстаңыз. Уақыт өткеннен кейін қолыңызды жылы сумен жуып, крем жағыңыз.
— Кальций, өзіміз білетіндей, тырнақтың қаттылығы үшін қажет. Сүт өнімдерінде витаминдер көптеп кездеседі.
— Жарты стақан жылы суға теңіз тұзын ерітіп, апельсин шырыны мен йодты тамызамыз. Барлығын араластырған соң 10-15 минутқа қолды салып отыру керек. Мұқият құрғатып сүртіп, қоректендіргіш крем жағамыз.
Авторы: Сәулет ИБРАГИМҚЫЗЫ